Ламинаттау деген не?
фото: anna-key.ru
Ламинация-кірпікті сау және әдемі ететін тиімді және қауіпсіз процедура. Ол үшін кәсіби құралдарды қолданатын шебердің қызметіне жүгінген дұрыс.
Қазіргі кездесұлулық салондары сыртқы келбетке күтім жасауды жеңілдететін көптеген процедураларды ұсынады. Олардың бірі-кірпікті ламинаттау. Алайда, бұл процедураның кемшіліктері де бар, оларды ескеру қажет.
Кірпікті ламинаттау деген не?
Ламинация процесінде кірпікті құрамында кератині бар қоспамен нығайтуға болады. Тері мен шаштың құрамдас бөлігі болып табылатын ақуыз кірпіктерді нығайтады, түктерге терең еніп, зақымданудың алдын алады және көлемді арттырады.
Ламинаттаудан соң кірпік ТАБИҒИ әрі ӘДЕМІ көрінеді
Процедурадан кейін көз әдеттегіден үлкенірек көрінеді. Бұл кірпікті ламинаттаудың әсері. Ламинацияның емдік әсері бар деп саналады, өйткені кератин қоректік заттармен қоректендіреді және нығайтады.
Кірпіктерді жабатын кератин пленкасы ауа өткізбейді және зақымданудан қорғайды. Жеңіл, жылтыр, сонымен қатар көзді айшықтай түседі.
Ламинаттаудың артықшылығы
Жасанды кірпік жапсыруға қарағанда ламинация ерекше ұзын әрі қалың көрінбегенімен, пайдасы бар. Ол кірпікті зақымдамайды, керісінше емдейді.
Процедурадан кейін кірпіктер қатайып, серпімді болады, түспейді, көлемі артады. Қоршаған ортаның жағымсыз факторларынан қорғайды. Сүрме мен басқа косметикаға ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Әсер екі айға дейін созылады. Денсаулық үшін қауіпсіз.
Бояу аммиак пен сутегі тотығынсыз жүреді, сондықтан құрал кірпіктерді күйдірмейді, керісінше оларды нәрлейді. Бірақ бояудағы бейорганикалық химияның кейбір элементтері бар болуы мүмкін. Дегенмен, кірпіктеріңіздің саулығы үшін алаңдамаңыз.
фото: apriltime.ru
Ламинаттаудың кемшіліктері
Кірпіктеріңізді кератинмен нығайту шешіміне тоқталсаңыз, ескере жүретін тағы бір дүние бар.
Ерітіндінің құрамы аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін. Егер сіз кірпігіңізді алғаш рет ламинаттауға шешім қабылдаған болсаңыз, алдымен сынақ жасап көріңіз. Аллергиядан аулақ болу үшін ламинаттауға арналған ерітіндінің аз ғана бөлігін жағып, 12 сағат күту керек. Егер сынақ жасап көрмей-ақ бірден іске кіріссеңіз, нәтижесі сіз күткендей болмай, керісінше зардап шегіп қалуыңыз мүмкін. Өйткені егер бұл аймақта қышу мен қызару пайда болса, қабақтың және көздің сезімтал терісі одан да нашарлайды.
Көздің қабыну ауруларын күшейтуіңіз мүмкін. Сапасыз өнім көзге және кірпікке айтарлықтай зиян келтіреді.
Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз:
Кератинді түзетудің ПАЙДАСЫ мен ЗИЯНЫ