​ҚОЛдың терісін жасартуға болады

0
3 269

Ал, қол терісінің әдемілігі мен саулығы, жастығы бөгде адамдарға емес, алдымен өзіңізге керемет көңіл-күй сыйлайды, солай емес пе?


​ҚОЛдың терісін жасартуға болады

Бар күтімді бетімізге арнап, қолға аса мән бермейтін қыз-келіншектер аз емес. Тек қана күннің суық мезгілдерінде қол терісі жарыла бастаса, арнайы күтім жасап, крем жағамыз. Басқа кездері күнделікті қол күтімімен айналысып отырған аруларды шыны керек, көп кездестіре қоймаймыз.

Ал, қол терісінің әдемілігі мен саулығы, жастығы бөгде адамдарға емес, алдымен өзіңізге керемет көңіл-күй сыйлайды, солай емес пе?

Күн сайын бет күтіміне қаншалықты жиі көңіл бөлсеңіз, қолдың терісіне одан екі есе көбірек күтім қажет. Өйткені, әйел болғандықтан, ыдыс жуу, кір жуудан бас тарта алмаймыз. Ал жууға арналған ұнтақтардың құрамында тері үшін зиянды заттар бар.

Қол терісі осы зиянды заттардың әсерінен құрғап, «қартая» бастайды. Сондықтан, үй жағдайында міндетті түрде қолыңызға күтім жасаңыз.


Үй жағдайында жасалатын МАСКА

*Маска жасардың алдында қолыңызды арнайы скрабтармен тазартып, жұмсартып алсаңыз, нәтижесі жылдамырақ байқалады.

*2 ас қасық айранға 2 ас қасық лимон шырынын қосып, жақсылап араластырыңыз. Осы қоспаны 10 минутқа тұндырып қойыңыз. Одан кейін қоспаны алып, қолыңызға бір тегіс етіп жағып шығыңыз. Жағып болғаннан кейін жарты сағатқа қалдырыңыз. 30 минут өткеннен кейін қолыңызды жылы сумен жуып тастаңыз.

*Косметологияда глицерин кеңінен қолданысқа ие екендігін жақсы білесіздер. Егер қолыңызға арналған кремнің құрамында глицерин болмаса, дәріханаларда сатылатын глицеринді алып, қолыңызға 2-3 тамшысын тамызып, креммен араластырып жақсаңыз да болады. Бұлай жасау, қолыңыздың терісін жасартады.

* Қайнаған, бірақ салқындатылған 40 грамм суға 50 грамм жүгері ұнын қосып араластырыңыз. Оның үстінен 4 грамдай глицеринді араластырып жіберіңіз. Дайын болған масканы тазартылып, жуылған қолға бір тегіс етіп жағып, 20-30 минутқа қалдырамыз. Одан соң, жылы сумен жуып тастаңыз.

* 1 дана жұмыртқаның сарысына 1 ас қасық лимон шырынын және 1 шай қасық бадам майы мен 1 шай қасық балды қосып, жақсылап араластырыңыз. Бұл масканы ұйқыға жатар алдында жасағаныңыз жөн. Қоспаны қолыңызға жағып болған соң, төсегіңізді былғамас үшін полиэтилен қолғап киіп жатыңыз. Таңертең қолыңыздың жібектей жұмсақ, өте нәзік болғанын көріп таңғаласыз.

Қолыңыздағы ұсақ әжімдер де көрінбей, құрғақтығы сезілмей қалады.

Күн сайын осы айтылған маскалардың бірін жасап, қолыңызға күтім жасап тұрсаңыз еш қиындығы жоқ. Есесіне әдемі қолдың иесі боласыз.


(Суреттер ашық дереккөзден алынды)


НӘРЛЕНДІРУШІ крем

Сонымен қатар, сыртында «крем» деп жазылып тұрса болды деп кез-келген кремді алып қолыңызға жаға беруден сақ болыңыз.

Дәл қазіргі мезгілде, яғни суық ауа-райында нәрлендіруші (питательный) крем жаққан дұрыс. Ал, күннің жылы, ыстық мезгілдерінде ылғалдандырушы (увлажняющий) крем аласыз.


СКРАБ

Қаншама рет крем жақсаңыз да қолыңыздың терісі әлі де қатқыл ма? Онда сізге қолыңыздың терісіндегі өлі жасушалардан арылу керек. Мұндай кезде әрине, скрабтың көмегі қажет.

Әрине, жиі емес, аптасына бір рет скрабты қолдансаңыз болады.

Дайындаған: Г.ЖҰМАДІЛДЕВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ҚЫСҚА БОЙЛЫ қыздарға кеңес

КОРЕЙ әйелдері ЖАС КӨРІНЕДІ, оның себебі МЫНА 5 ҚҰПИЯДА жатыр