​КОЛЛАГЕНДІ КРЕМ жасарта ма?

0
5 060

Коллаген жеткіліксіз болса, тері салбырап, әжімдер түсе бастайды.


​КОЛЛАГЕНДІ КРЕМ жасарта ма?

Косметикалық өнімдердің арасында КОЛЛАГЕН деген кремді көп рет естіген шығарсыз? Ал оның қандай мақсатта қолданылатынын және нәтижесі қандай болатынын білесіз бе? Егер өзіңіз осы коллагенді қолданып жүрсеңіз, қандай мәліметтерді білесіз?

Ендеше КОЛЛАГЕНді кремнің пайдасы мен зияны туралы біле жүріңіз.


КОЛЛАГЕН ДЕГЕН НЕ?

Коллаген - бұл белок. Ол фибробласт деп аталатын клеткалардан синтезделіп шығады да, орналасқан жерін шымыр, серпімді, жылтыр етеді. Адам ағзасындағы барлық белоктың үштен бір бөлігін коллаген белогы түзеді. Оны желатинмен де салыстыруға болады.

Адам 25 жастан асқан соң коллагеннің түзіліп шығуы біртіндеп азая түседі. Жылына жарты пайыз төмендеп, содан 45 жасқа келгенде 35 пайызга азая түседі екен. Бұл биологиялық процесс. Ешкім оған қарсы келе алмайды. Дегенмен, біраз уақытқа жастықты сақтап тұруға, қарттықты тежей тұруға мүмкіндік беретін осындай кремдер.


КОЛЛАГЕН қай жерде болады?

Коллагенннің көптеген пайыздық мөлшері теріде, ішекте, сүйекте, буын, тырнақ, қан тамырлардың жан-жағында, көздің «ақ алмасында» және шашта болады.

Осыларға қарап, олардың саулығы мен жай-күйіне байланысты адам ағзасындағы коллагеннің мөлшерін байқау да қиын емес.

КОЛЛАГЕН жеткіліксіз болса...

Түсінікті шығар, коллаген жастыққа жауап береді, ал коллаген жеткіліксіз болса, тері салбырап, әжімдер түсе бастайды. Коллагеннің жеткіліксіздігі бірден байқала бермейді. Буындардың сыртылдауы, ауыруы, шаштың түсуі, жүрек-қан тамыр, көз ауруларының пайда болуы секілді белгілермен білінеді.

Коллагеннің жеткілікті түзілуі үшін, коллаген синтезделіп шығуы үшін С, А, D, Е дәрумендері және белок, цинк, жез, темір микроэлементтері керек. Бұлар организмде жеткіліксіз болса коллагендің түзілуі азаяды. Бұндай кезде коллаген ішудің де пайдасы болмайды. Сондықтан, дер кезінде рационға дәрумендер мен микроэлементтерге бай азық-түліктерді де қосып тұру керек. Жеміс-жидектерден алынған желатиндерде, холодецте табиғи коллаген бар.


Ішуге арналған коллагеннің нәтижесі

Асқазан қышқылы жеткіліксіз болғанда дәрумендер мен микроэлементтер организмге жақсы сіңбей қалады. Дерматолог, косметолог осы орайда бет терісінің жағдайын, жай-күйін, мәселелерін анықтағаннан кейін қосымша коллаген ішуді ұсынуы мүмкін.

Коллагеннің құрамы сүйек, жұмыртқа және басқа табиғи белокқа бай азық-түліктерден тұруы шарт. Оған қоса, С дәруменін де қабылдаған жөн. Коллагенді ішке қабылдау барысында фаст-фуд өнімдерінен, тәттілерден, газдалган сусындардан бас тартыңыз, әйтпесе, нәтижесін көре алмайсыз.

Көптеген адамдар жас қалыпты сақтау үшін ниеттенеді, бірақ бірден кірісіп кетпейді. Мәселелер туындағанда ғана, бетінің терісі салбырап немесе алғашқы әжімдер түсе бастағанда ғана «оянып», дерматолог пен косметологтарға бет бұрады. Жас кезден дұрыс тамақтанып, бетке күтім жасауды әдетке айналдырған жөн. Сонымен қатар спортпен шұғылданып, ағзаңызды шынықтырып отырсаңыз организмде коллагеннің түзілуі біршама көбейеді.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


МАКИЯЖ жасауда МЫНА ҚАТЕЛЕРДЕН аулақ болыңыз


Қолыңыздың терісі ЖІБЕКТЕЙ ЖҰМСАҚ болғанын қалайсыз ба?