​КОСМЕТИКАның «өмірін» ұзартуға болады

0
2 747

ОСЫЛАЙ ЖАСАСАҢЫЗ, ақша үнемдейсіз әрі сұлу қалпыңыздан таймайсыз...


​КОСМЕТИКАның «өмірін» ұзартуға болады

«Түймедақ пен мұз», «иіссу мен вазелин» осы қоспалар арқылы косметикалық өнімдеріңіздің өмір сүру ұзақтығын сақтай аласыз дегенге сенесіз бе?

Бұл лайфхак сұлулық жолында сізге аса қажет. Өзіңізден ақша үнемдеуді жек көрсеңіз де, кейде солай етуге тура келеді.

Сондықтан, үнемі сұлулығыңызға сызат түспеуі үшін косметикалық өнімдерді қолдануды тоқтатпаңыз. Ендеше косметикалық заттардың ұзаққа жетуі үшін, пайдалануға жарамсыз бола бастағанын сезсеңіз, оған жаңа өмір сыйлауға асығыңыз.


ТЫРНАҚ БОЯУЫн өзгерткіңіз келсе...

Косметика сөмкесінде бір түсті тырнақ бояуыңыз ғана бар болса, ал сіз тырнағыңыздың түсін өзгерткіңіз келсе, бұның амалы бар. Тырнақ бояуының азғантай мөлшерін шыны ыдыстың үстіне құйып, өзіңізге ұнаған түсті шығару үшін, көз бояуының азырақ ұнтағын қосып араластырыңыз. Ескеретін жағдай араласқан тырнақ бояуын тез арада тырнағыңызға жағып үлгеріңіз. Әйтпесе, ашық ауада тырнақ бояуының қалыңдай бастайтынын өзіңіз де білесіз.


Құрғап кеткен кірпік бояуы

Егер сіздің сүйікті кірпік бояуыңыз құрғай бастаған болса, аяқ астынан жаңасын сатып алудың реті келмесе, жабық ыдысымен бірге ыстық суға салып қойыңыз.5 минуттан соң косметикалық өнімді қолдана беруіңізге болады.

Бірақ бұл құрамында парафині бар кірпік бояуына сәйкес келеді. Егер кірпік бояуының құрамында бұл зат болмаса, оған 2-3 тамшы көзге арналған дәрілік тамшыны тамызып жіберсеңіз болады. Ешқашан косметикалық өнімге су қоспаңыз, өйткені бұл аллергиялық жағдайларды туындатуы мүмкін.

фото: store.awicontech.com

Шашылып қалған көз бояуы

Көз бояуын үнемі сөмкеге салып жүргеннен немесе жиі қолдану барысында баппен қолданылмағандықтан, ұнтақ түріндегі көз бояуының шашылып кету қаупі бар. солай болған жағдайда да мұны бастапқы қалпына келтіруге болады. Ұнтақты қағаздың үстіне жинап, біркелкі етіп ұнтақтап, қайтадан палитраға салыңыз және 2-3 тамшы спирт қосылып, үстінен жабысқақ пленка қойыңыз да, үстінен салмақ сала отырып басыңыз. Бір сағаттай тұрған соң, ары қарай қолдана беруіңізге болады.


Тез арада шашты «ЖУУ»

Егер шашыңызды сәндеп, тез арада бір кездесу кешіне бару қажет болса, бірақ шашыңызды жууға уақыт жетпейді немесе оған мүмкіндік болмаған жағдайда ұсынылатын лайфхак. Бірақ мұны жиі қолданбағаныңыз жөн. Өйткені, өз кезегінде бұл тәсілдің шашқа зиян тұстары да бар.

Ол үшін иіссу мен құрғақ сусабын қажет. Сусабынды шаштың түбіне жағып шығасыз да, ұштарына иіссуды себесіз. Бұл тәсіл 4-5 сағатқа кездесуіңізді өткізіп келгенше жарайды.


Түймедақтан мұз

Түймедақтың емдік әсері барын білетін боларсыздар, ал түймедақтан жасалған мұз терідегі қызару, бөрту мен шаршаңқылықтан арылтады.

Әрине бір рет қолданғаннан нәтиже көру қиын, дегенмен теріні біршама тыныштандыра алады.


Иіссу ұзақ сақталсын десеңіз...

Сүйікті иіссуыңыз денеңізде күні бойы жұпар иісін аңқытып жүргенін қалайсыз ба? Ендеше иіссудың ұзақ уақыт сақталуы үшін иіссуды себуден алдын білегіңізге, құлақтың артына, яғни әтір себетін орынға кәдімгі вазелинді жағып алып, содан соң иіссуды себе беруіңізге болады.

Өйткені вазелин теріні жұмсартады және тері тесіктерін ашады. Мұндай теріге себілген иіссу әрине ұзақ уақытқа сақталады.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ҚЫСтың күні МАКИЯЖ жасауда мән беретін 5 ЖАҒДАЙ


СІЗ өз тәніңізді СҮЙЕСІЗ бе?