​Көз айналасындағы ӘЖІМді ОҢАЙ әрі ТЕЗ КЕТІРЕТІН әдіс

0
4 793

Ол үшін бізге бар болғаны табиғи таза бал мен майсана майы қажет.


​Көз айналасындағы ӘЖІМді ОҢАЙ әрі ТЕЗ КЕТІРЕТІН әдіс

Көздің айналасына жас ұлғаюына байланысты, кей жағдайда мимикалық қимылдардың әсерінен пайда болатын әжімдерді уақыт оздырмай жоюға тырысу керек.


Әжім неғұрлым терең болған сайын оның кетуі де қиын болады. Сондықтан, көз айналасындағы әжімдерге жасалу жолы қарапайым мына маска өте жақсы көмек көрсетеді.

Ол үшін бізге бар болған табиғи таза бал мен майсана майы қажет.

Екеуінен теңдей мөлшерде алып, кішігірім ыдысқа араластырамыз. Болды, маска дайын!

Осы масканы көз айналасына жағып, 20 минуттай ұстаймыз.

Уақыт өткен соң, масканы жылы сумен жуып, соңынан арнайы (көз айналасына арналған) крем жағыңыз.


Бұл масканы аптасына екі рет жасаңыз, сонда нәтижесі де тезірек байқалады. егер әжімдеріңіз тым терең болса, дәл осы маскаға дәріханаларда сатылатын «Е» дәруменінің 1-2 тамшысын қосып жіберсеңіз болады.

Егер масканы көп жасап қойсаңыз, қалғанын төгіп тастауға асықпаңыз, беті мықтап жабылған ыдыста екі апта бойына тоңазытқышта сақтауға болады.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖҮЗІМ мен БАНАН: ЖАЗДА дәрумендерді СҰЛУЛЫҚҚА пайдаланып қалыңыз


ҚЫЗАНАҚтың «сиқыры» қыз-келіншекті СҰЛУ етеді