Құны «Бентлимен» тең белдік немесе аяқтағы алтын «әшекей»: Әлемдегі ең қымбат киімдер бестігі

0
3 072

Әлемдегі ең қымбат киімнің қүны қанша деп ойлайсыз?


Құны «Бентлимен» тең белдік немесе аяқтағы алтын «әшекей»: Әлемдегі ең қымбат киімдер бестігі

фото: jobcrusher.com

Оқымас бұрын мына сұрақтарға жауап беріңізші: Сіз үшін киімнің максималды құны қандай? Арманыңыздағы атақты брендің бұйымына қанша төлеуге дайынсыз? Әлемдегі ең қымбат киім қанша тұрады деп ойлайсыз? Ал енді ойыңыздағы сумманы төмендегі бағалармен салыстырып көріңіз.


«Куала-Лумпурдың Бұлбұлы»


Өнер туындысы деп атауға тұрарлық бұл кешкі көйлек модельер Файизали Абдулланың қиялы мен қолынан шыққан. Он жылдан астам уақыттан бері «Әлемдегі ең қымбат көйлек» атағынан айрылмай тұр. Көйлек жібек пен тафта маталарынан тігілген. Етегіне шашырай орналасқан 750 гауһар тас пен иығындағы 70 караттық асыл тас ерекше сән-салтанат береді. Бағасын естуге дайынсыз ба? Ендеше, тыңдаңыз, 30 МИЛЛИОН ДОЛЛАР!


«Бентли» әлде белдік?


«Бенитли» автокөлігі үшін шамамен 250 МЫҢ ДОЛЛАР жұмсауға дайынсыз ба? Сескендіретін сома, солай ма? Ал, біреулер осынша мол қаражатты бір ғана белдік үшін жұмсай салады екен.

Итальяндық Gucci сән үйі ұсынатын аксессуардың тоғасы платинадан жасалған. Салмағы 250 грамм тартады. Ол аз десеңіз, гауһар тастармен безендірілген. Бүгінге дейін алдын-ала тапсырыспен осындай екі дана белдік жасалыпты.


Кішкентай сөмке – «үлкен» баға


Суреттегі сөмке бір қарағанда алқа кулонына ұқсайды, солай ма? Көлемі де содан сәл ғана үлкен. Осындай кішкентай сөмкенің бағасы 4 МИЛЛИОН ДОЛЛАР десем, сенесіз бе? Швейцариялық «Mouawad» компаниясы ұсынатын жүрек пішініндегі әмиян-сөмке жоғары сынамалы алтыннан құйылып жасалған. Ал, оны безендіру үшін 4515 дана гауһар тасы жұмсалыпты. Аспанға шарықтаған бағасының арқасында аталған аксессуар Гиннестің Рекордтар кітабына тіркеуге алынған.


Шыны қорап ішіндегі «алтын аяқ»


Ең қымбат аяқ киімдер көшін алтын теріден жасалған әйелдер туфлиі бастайды. Құны – 17 МИЛЛИОН ДОЛЛАР. Жалпы салмағы жүз караттан асатын ұсақ гауһар тастарымен безендірілген. Оған қоса, әрқайсысы 15 карат тартатын көлемді екі асыл тасы тағы бар. Көпшілік назарына «Миллионерлер қаласы» атанған Дубайда ұсынылған бұл туфлидің қорабы да қарапайым емес, гауһар тас пішінінде жасалған шыны кейс.


36 бұлғын – 1 тон


«Ең қымбат киім» дегенде көз алдыңызға тон не ішік елестеген болар. Ол бекер де емес. Осыдан бірнеше жыл бұрын танымал неміс кутюрьесі Карл Лагерфельд әлемдегі ең бағалы ішікті жасаған болатын. 36 бұлғынның терісінен тігіген бұл еңбегін ол 1 МИЛЛИОН ЕУРОҒА бағалаған екен.

Әрине, әлемде бұдан да қымбат, тіпті, ешқандай ақшаға сатып ала алмайтын құндылықтар бар. Сол құндылықтарға қол созған дұрыс-ау, қымбат киімге емес. Киімнің құны мен сәнін бәрібір қуып жете алмайсыз.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ