КҮЗ бен ҚЫС: Резеңке етік әлі де сәнде

0
3 296

2020 күзгі трендтерін қарап, сәнге ілесесіз бе әлде өзгермейтін классикалық үлгіде қаласыз ба, өзіңіз үшін таңдау жасай аласыз.


 КҮЗ бен ҚЫС: Резеңке етік әлі де сәнде

2020 жылдың аяқ киім трендтері бұрыннан белгілі. Ыңғайлы аяқ киім, ерлерше стиль және кроссовкалар әлі де өзекті. Төменде сипатталған үрдістерден басқа сән үрдістеріне қарамастан, өзгермейтін классика да өзекті болып қала беретінін есте ұстаған жөн.



РЕЗЕҢКЕ ЕТІК

Резеңке етік күзгі маусымның хитіне айналды. Өйткені, бұл үрдіс бикештер үшін өте ыңғайлы. Себебі, күзгі мезгіл- бұл әдемі күзгі пейзаждармен ғана таныс емес, сонымен қатар өзіндік қиындықтары да бар. Резеңке етік аяғыңызды ылғалдан сенімді қорғайды, сәнді аяқ киім болғандықтан, еш қысылмай, резеңке етікті кие берсеңіз болады.


ТӨРТБҰРЫШ тұмсықты аяқкиім

Сәнді аяқ киім тізімінде шаршы мұрны бар аяқ киім болады деп күтілуде. Ол 2019 жылы танымал болды және осы жылы да өзектілігін арттыра түспек.

Тұмсығы «шорт кесілгендей» әсер қалдыратын аяқ киім 2020 жылы сәнді аяқ киім болып саналады.



ҚОНЫШЫ КЕҢ ЕТІК

Қонышы кеңдеу келетін етіктер осыдан біраз жылдар бұрын сәнде болған. Биыл күзде сол сән үлгісі қайта оралды. Мұндай күзгі етіктердің сәнді үйлесімі мен ыңғайлы болғандығы үшін көңілге қонымды және ең бастысы жылы. Бұл аяқ киімді күз мезгілінде ғана емес, кез-келген суық мезгілдің классикасы деп санауға болады.



СЫНА ТӘРІЗДІ ӨКШЕ

Сына тәрізді өкше, яғни, төңкерілген үшбұрышқа ұқсас өкшелі аяқ киімдер (клиновидный каблук) 2020 жылдың күзгі маусымының хитіне айналды. Мұндай аяқ киім киген бикеш талғампаз және нәзік көрінеді. Сына тәрізді өкшесі бар аяқ киім кез-келген киіммен (джинсы, шалбар, белдемше мен көйлектер) жарасымды болып көрінеді, үйлесімін табады.



КРОССОВКАЛАР

Кроссовкасыз салқын кезеңді (тіпті суық) елестету қиын. Басқа да аяқ киімдермен қоса, әдеттегі кроссовкалар сәннен қалған жоқ. Жай ғана спорттық үлгідегі емес, ерекше дизайндағы түрлі-түсті кроссовкалар сәнде. Қайсысын таңдау керек, бәрі сіздің жеке қалауыңыз бен өмір салтыңызға байланысты.



«ЖАЙТАБАН» АЯҚ КИІМ

Сән әлемі сәннің ең бастысы жайлылықтан тұрады, сондықтан, ыңғайлы, өкшесі пәс аяқ киім қазіргі уақытта ең танымал болып табылады.

Денсаулығыңыз үшін де осындай аяқ киімдер пайдалы, солай емес пе?!



ЕРЛЕР СТИЛІНДЕГІ АЯҚ КИІМ

Күз-қыс 2020 маусымының ең сәнді бағыттарының бірі- ерлер стиліне ұқсас аяқ киімдер. Дәл осындай үрдіс аяқ киімге де әсер етті, ерлердің аяқ киімдері талғампаз әйелдің аяғында керемет көрінеді. Ерлер стиліндегі аяқ киім джинсы,шалбармен де белдемше, көйлектермен де әдемі үйлесім табады.



«ЕРЕКШЕ» ӨКШЕ

Соңғы маусымдардың ең сәнді өкшесі сырт көзге қалай көрінеді? Бұл сұраққа нақты жауап табу қиын. Дегенмен, сына тәрізді өкшені және өкшесі төмен аяқ киімдерді оның әмбебаптығы мен жайлылығының артуына байланысты адам өзін әлдеқайда еркін ұстай білсе, сәннің сапасы артады. Әйтсе де сәнді формалар әлдеқайда көп. Фаворитті айшықтап көрсету қиын, сондықтан, өкшелердің ерекше формалары назар аударады. Сонымен қатар, аяққа артық күш түсірмейтін, жайлылығымен ерекшеленеді.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


ШАШыңыздың СҰЛУлығы мен САУлығы үшін күтім жасау жолдары


Жасаған МАКИЯЖыңыз МІНЕЗІҢІЗ туралы "айтып береді"