Күзде СҰЛУЛЫҚТЫ сақтамаса, ҚЫСТА мүлде қиын болады

0
2 651

Мүмкіндігінше осы жемістерді жиі тұтынған жақсы. Себебі, дәл осы жемістердің құрамындағы дәрумендер теріге керемет әсер етеді.


Күзде СҰЛУЛЫҚТЫ сақтамаса, ҚЫСТА мүлде қиын болады

Күз келгелі ауа-райы салқындап, теріге міндетті түрде әсер етеді. Суық ауа-райы, жел мен жаңбыр әлбетте терінің ашық тұрған жеріне кері ықпалын тигізері сөзсіз. Сондықтан, теріні қалыпсыз ауа-райының кері әсерінен қорғау өзіңізге байланысты.

Күз маусымында бет терісінен бастап, шаш пен қолдың да мұқият күтімді қажет ететіні белгілі. Мамандардың айтуынша, күз мезгілінде пайдаланылатын косметика құралдарының қатарында әртүрлі, хош иісті майлардың анағұрлым көбірек болғаны маңызды. Өйткені, бұл айларда терінің құрғауы орын алады. Майлы косметика құралдары әлбетте құрғақ теріні ылғалдандырып, нәрлендіруге көмектеседі.


Күзгі күтімнің ең маңыздысы қандай?

Дұрыс күтім жасау үшін неден сақтану керек? Нені қолдану керек?


Тікелей күннің сәулесінен қорғану

Күн сәулесінен қорғану тек қана көктем-жаз айларында ғана қажет деп ойлайтын адамдар аз емес. Бірақ, терідегі пигментті дақтардан зардап шегетін әрбір адам мұны есінде сақтауы тиіс. Мүмкіндігінше күз мезгілінде ашық жерде, далада, күннің астында ұзақ уақыт бойы жүруден бас тартыңыз. Сонымен қатар, құрамында SPF көрсеткіші 10-15 дәрежесіне тең келетін кремді міндетті түрде пайдаланыңыз. Мұндай кремдер бет терісін жаңадан пайда болатын пигментті дақтардан қорғайды.


Нәрлендіруші МАСКАға мән беріңіз!

Күз мезгілі ауа-райы жайсыздау болғандықтан, терінің құрғап, жарылып кетуіне ықпал етеді. Сондықтан, бұл мезгілде бет пен қол терісі үшін пайдаланылатын маскаңызға жіті мән беріңіз. Күз жеміс-жидектердің пісетін мезгілі, сондықтан, одан жасалатын маска сізге қолжетімді әрі тиімді, нәтижесі де анағұрлым жақсырақ.

*Қияр

*Жүзім

*Кепкен жемістер

Мүмкіндігінше осы жемістерді жиі тұтыну ұсынылады. Себебі, дәл осы жемістердің құрамындағы дәрумендер тері үшін өте пайдалы.


Ағзаның саулығын арттыруға күш жұмсаңыз!

Тері сау, әдемі көрінуі үшін ішкі ағзалардың саулығы да маңызды рол атқарады. Тек қана күзде емес, жылдың әр мезгілінде, күн сайын үзбей 2 литр су ішуді әдетке айналдырыңыз. Өйткені, су- теріні қоректендіреді және ағзадағы артық токсиндерді айдап шығарады.

Ал, ішкі ағза таза болса, тері де таза, әртүрлі пигментті, бөрткен дақтардан ада болады.

Күнделікті тұтынып жүрген азық, тамақтану рационыңызға А, С, Е дәрумендеріне бай тағам түрлерін енгізіңіз.

Атап айтсақ, сәбіз, жұмыртқа, бауыр, жаңғақ, балық, қызанақ және цитрусты жеміс-жидектер. Осы өнімдер терінің серпімділік қасиетін сақтауға, иммунитетті нығайтуға бірден бір себепкер.


МАКИЯЖ

Косметолог мамандарының пікірінше, күзгі макияжды жасауда шекара болмауы тиіс. Өйткені, бет терісіне жағылған түрлі косметикалардың, яғни, макияждың теріні ауы-райының қолайсыздығынан сақтауға септігі тиеді деп есептейді.

Жел, жаңбыр және осыған ұқсас түрлі табиғаттың құбылыстарынан айтарлықтай қорғауға атсалысады.


ЕСТЕ САҚТАңыз!

Қол терісіне міндетті түрде күтім жасаңыз

Күз басталысымен қол күтіміне ерекше назар аударыңыз. Жуыну заттарының ішінде әсіресе, иіссабынды көп пайдаланбауға тырысыңыз. Сондай-ақ, қолыңызды тазартып жуып алған соң, кептіріп, соңынан қол терісіне арналған крем жағып жүруді әдетке айналдырыңыз. Және қолдарыңызға жиі-жиі массаж жасап, уқалау әдістерін жасап тұрыңыз.


Ерніңізге де арнайы күтім қажет

Сіз жақсы білесіз, күзде ерін де өз алдына күтім жасауға мұқтаж болады. Еріндеріңіз жарылып, тілімденіп кетпес үшін, ерніңізге далап жақпастан бұрын, арнайы ерінге арналған бальзам немесе қарапайым вазелинді жағып қойыңыз.


(Суреттер ашық дереккөзден алынды)

Шаш күтімі жайында да ұмыт қалдырмаңыз

Себебі, дәл осы мезгілде шаштың түсуі, ұштануы, құрғақтықтың әсерінен сынғыштығы жиі орын алады. Осындай мәселелердің алдын алу үшін аптасына бір рет шашыңызға арнайы маска жасаңыз. Өте оңай әрі тиімді тәсілі- жұмыртқа маскасы.

Жұмыртқа маскасы шаштың түбін берік етіп қана қоймай, жылтыратып, қалыңдата түседі.

Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ТІЗЕ мен ШЫНТАҚ қарайып кетсе МЫНА әдістермен АҒАРТУҒА болады


БЕТ ТЕРІСІ салбырап кетпес үшін ҚЫТАЙ МАСКАСЫН жасау қажет