МОЙНЫМ әдемі болсын десеңіз

0
2 791

​Мойынның әдемілігіне мән бересіз бе?


МОЙНЫМ әдемі болсын десеңіз

фото: mamamozhetvse.ru

«Қолмен жасағанды мойныңмен көтер», «Ер мойнында қыл арқан шірімес» деген қазақтың сөздерінен мысал келтіре отырып, мойынның жағдайы да көңіл-күйге байланысты, өмірде көрген әртүрлі қиындықтарыңыздың бейнесі екенін мойындасаңыз керек. Ол денсаулықтың да көрінісі.

Біз әрдайым мойнымызға күтім жасаймыз деп ойлаймыз, алайда, гигиеналық күтімнен бөлек, көңіл-күйіңізге де назар аударып көріңізші. Нашар көңіл-күйдің, мазасыз ойлардың да мойын терісіне әсер ететінін білесіз бе?

Бауыр мен асқазан-ішек жолдары аурулары мазаласа мойын терісінде сары немесе қызыл реңкке ұқсас тор пайда болады. Сондай-ақ, күн сәулесінің әсерінен де осындай кейіпті көре аласыз. Сондықтан, үнемі ашық күн астына шығар кезде қорғаныс кремдерін жағып шығыңыз.

Сонымен қатар, адамның күнделікті дағдысының да мойынға жақсы немесе кері әсер ету мүмкіндігі бар. Мысалы, күні бойы еңкейіп, мойныңызды салбыратып, жазу үстелінде отыруыңызға тура келетін шығар, жұмысыңыз, өмір салтыңыз осылай отыруға тәуелді болса да, бір мезгіл денсаулығыңызды ұмытпаңыз. Арасында бой жазып, мойныңызды созып, басыңызды көтеріңіз. Қазір бүкіл әлем гаджеттерге тәуелді. Бұл тәуелділіктің де мойынға тигізер орасан кері үлесі бар.

Жұмыстан шаршап, үйіңізге барғанда да тынығу үшін биік жастықты жастанбаңыз. Өйткені мойын біздің денеміздің ең осал тұсы. Тері қабаты өте жұқа, сондықтан дененің басқа бөліктеріне қарағанда тез қартаяды.

Мойын терісін серпімді және жас қалпында ұстап тұру үшін күнделікті бірнеше минутыңызды қиыңыз. Мойынға күтім жасау барысында:

-Жазық жастықта ұйықтаңыз;

-Еңсеңізді жоғары көтеріңіз;

-Арнайы жаттығуларды орындаңыз;

-Бет терісі үшін қолданылатын құралдармен мойынның терісін де тазалауды ұмытпаңыз;

-Қолайлы крем-нәрлендіргіш немесе ылғалдандырғыш крем жағыңыз.


фото: mirtesen.ru

Таңертеңгі күтім

Таңертең беті-қолыңызды жуғанда мойныңызды да салқын сумен шайыңыз. Содан соң мойынды тоникпен немесе қияр шырынымен сүртіңіз. Үйден шығарда аз мөлшерде жеңіл сіңіргіш кремді жағыңыз.


Кешке не істеу керек?

Кешке бетіңізді макияждан тазартқанда міндетті түрде мойын туралы да еске алыңыз. Күні бойы жиналған шаң мен кірді макияжды кетіруге арналған сүтшемен (молочко) сіңірілген мақта дискісімен сүртіп тастаңыз. Теріні тоникпен тазалаңыз және нәрлендіретін кремді жағыңыз. Тері тазартқыш құралдармен бет пен мойынға күтім жасау үшін қол жетімді. Алайда, мойынға арналған косметикалық өнімдерді сатып алсаңыз оның айтарлықтай әсері болады.

Мойын мен декольте аймағы үшін арнайы әзірленген косметикалық кремдер нақты проблемасы бар тері үшін таптырмас мүмкіндік.


«ҚАЗ терісі»

Егер сіздің мойныңыздың терісі құстың терісі секілді болса, яғни ұсақ «бүршіктері» бар, тым созылыңқы болса, онда теріні қатайту керек. Ол үшін аптасына 2-3 рет ас тұзын пайдаланып, тазалауға болады.

Бірінші мойын, содан кейін иек одан кейін жоғары қарай жылжып, құлақ маңын шеңбер қимыл жасай отырып суға малынған ас тұзымен жеңіл массаж жасайсыз. Бұл тәсілді өзгешелендіргіңіз келсе, аздаған зәйтүн майына немесе косметикалық сүтшеге араластырып алсаңыз болады.

5-10 минуттан соң, мойынды жылы сумен жуып тастаңыз. Соңынан крем жағып қойыңыз, егер қаласаңыз, майлылығы аз жаңа піскен сүтпен компресс жасауға да болады. Бұл мойын терісін балғын етеді.


Мойынға арналған маскалар және пилинг

Мойынға арналған маскаларды үй жағдайында да жасауға болады. Алдымен мойынды өлі жасушалардан арылту үшін пилинг жасап алыңыз. Арнайы скрабпен тазартуға болады. Содан соң, теріні тоникпен сүртіп, масканы пайдаланыңыз. Теріге қалыпты рН деңгейін қайтарып, қалпына келтіру үшін мойын күтіміне арналған кремді жағыңыз. Теріні созбау үшін осы процедураларды орындап, мойын ортасынан оның бүйір бетіне қарай бағыттап жағыңыз. Тек қана мойын емес, декольте аумағы да осындай қамқорлықты қажет етеді.

Сонымен қатар, контрастты душ та мойын терісіне жағымды әсер сыйлайды.

Дайындаған: Г. ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Бетті ДҰРЫС жуудың ТЕХНИКАСЫн үйреніңіз


Ерін айналасындағы ӘЖІМді кетіретін МАСКА