​ӨНДІРІЛГЕН БИДАЙ шырыны теріні АҒАРТАДЫ

0
8 665

Өнген бидай бетіңізді ағартады, жасартады, әр береді


​ӨНДІРІЛГЕН БИДАЙ шырыны теріні АҒАРТАДЫ

Көктем мезгілі жақындап келеді. Ауа райының ауысуына байланысты ағзадағы процестердің өзгерісі де байқалады. Ерте көктемде адам көп күш жұмсамаса да тез шаршап, әлсіздік сезімдерін бастан кешіріп жатады.

Әрине барлығы емес, көпшілігімізде осындай сезімдер болып жататыны жасырын емес.

Мұның барлығы да қыс бойы балғын жеміс-жидектерді азырақ тұтынғанымыздан, бөлме ішінде көбірек уақытымызды өткізгендіктен және т.б. себептерден туындаса керек.

Соған қарамастан, көктемнің жұпар шашқан ауасына елтіп, керемет күй кешеміз. Осы керемет көңіл-күйді шаршау, әлсіздік басып алмас үшін, бірнеше табиғи дәрумен түрлерін тұтынып, бет терісіне де балғындық, жастық әр беру үшін тырысайық.

Ол үшін косметолог мамандарының ұсынысын, ешқандай кері әсері, аллергиялық реакция тудырмайтын, зарарсыз маска түрлерінің бірін қолданып көріңіз.



ӨНГЕН бидай сөлі ағзаңызды тазартады

Бір уыс (немесе өзіңізге қажетті мөлшерін таңдап алыңыз) тазартылған бидайды өндіріп аламыз. Өндірілген бидайдың немесе басқа да өндірілген дәнді дақылдардың құрамында калий, кальций, кремний, хром, селен, темір, йод, В5, Е, С, D, P дәрумендері мен фолий қышқылы көп мөлшерде өндіріледі.

3 миллиметр ұзындықта өндірілген ақ түсті бидай өскінінен сығып, сөлін шығарған соң,күніне 1 рет таңертең, ашқарынға 1 немесе жарты стақан бидай шырынын бір ай бойына үзбей ішіп жүрсеңіз, ағзаңыздағы керексіз шлактар, артық улы заттардан тазартады.


ӨНГЕН бидай сөлінен жасалған маска бетке пайдалы

Ондағы Е дәрумені сұлулықты арттырады. Тері астындағы зат алмасуды реттеп, қан айналымын жақсартып, теріні жандандырады. Бет терісін нәрлендіреді, жасартады. Терінің нәзік, жарқын көрінуіне кепілдік береді.

Әжімдердің орнын тегіс етеді. Бет терісін ағартады.

Күнделікті өзіңіз қолданып жүрген кез-келген кремді алып, оның құрамын оқысаңыз да Е дәрумені жиі ұшырасады.


Ал өндірілген бидай шырынының өзінде бір емес, бірнеше дәрумен болғандықтан, әсері де өте жылдам. Өндірілген бидай сөлінен жасалған масканың құрамындағы С дәрумені беттегі пигментті дақтар, сепкілдерді де аз уақыттың ішінде жойып жібермесе де, көмескілендіреді.

Егер сіздің бетіңіз құп-құрғақ болып тұрса, онда теріңізге А дәрумені жетіспейді деген сөз. Тері құрғақ болса, көктемгі ауа-райында тіпті ұсқынсыз күйге түсіп қалмауыңыз үшін, бидай өскінінен маска жасаңыз.

Өндірілген бидай сөлінен жасалған масканы бетіңізге жағып болған соң, 15 минутқа қалдырыңыз. Соңынан жылы сумен жуып тастаңыз.

Масканың жасалу жолы да өте қарапайым. Оған бидайдан басқа ештеңе қажет емес.

Алдымен бидайды өндіріп алыңыз. 1 стакан бидайды шұңғылдау тәрелкенің немесе таза, жұмсақ шүберектің үстіне жайып, үстінен бір стакан су сеуіп, жылы жерге қойыңыз.

Немесе пластик бөтелкенің аузын кеңірек етіп кесіп алып, ішіне бидай салып, оған су құйып, жылы жерге қойсаңыз ары кетсе бір аптаның ішінде бидай өніп, көгеріп өседі.

Масканы да осы өнген бидайдың сөлінен жасайсыз. Еттартқыштан өткізіп алсаңыз болғаны. Бетіңізге жағып болғаннан кейін қалған бөлігін тоңазытқышта сақтаңыз.

Аптасына кем дегенде 2 рет пайдаланғаныңыз жөн.


НҰР Әлем,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


КӨКТЕМге дайындықтың 5 ҚҰПИЯсы


8 түрлі ӘДЕТ әйелді ӨЗГЕДЕН де СҰЛУ ЕТЕДІ