Дұрыс таңдалған oversize стилі өте сәнді көрінеді.
Соңғы сәнде oversize стилі кеңінен етек алды. Бұл киім өте ыңғайлы, сондықтан, үйдегідей жайлылықты сезіне аласыз.
Сонымен қатар, дұрыс таңдалған oversize стилі өте сәнді көрінеді.
Оversize киімінің өлшемін, түсін және құрылымын қалай таңдауға болады?
Негізі oversize стилі сіздің өлшеміңізден 2 өлшем үлкен деп саналады. Егер 1 өлшем үлкен болса, бұл «сәл үлкен», бірақ артық емес. Ал бойы ұзын қыздар 3-4 өлшемге дейін артық киімді кие берсе болады. Өйткені, бұл олардың нәзіктігін көрсетеді.
Сондай-ақ, қазір «әмбебап» деп аталатын киімдер де бар, бұл да oversize стилі секілді көрінеді.
Фигураның пропорциясын бұзбау үшін...
Егер беліңіз жуан болса, oversize стиліндегі киімнің кейбір жерлерін ашық қалдырыңыз. Бір иығыңызды ашыңқырап қойыңыз, «созылған» жемпірден денеңіздің кемшіліктерін жасыруға болады.
Егер «төңкерілген үшбұрыш» болса, кең иықты киімдерге қызықпаған жөн, мұндай киімдер ұсқынсыз етіп көрсетеді. Керісінше, кең балақты шалбарлар, белдемшелер киген жөн. «Көлемді жоғарғы, тар төменгі» комбинациясынан аулақ болыңыз.
Артық салмағыңыз болса «артық» киім қолайлы емес. Оversize стилі артық салмағы бар адамды одан сайын көлемді етіп көрсетуі мүмкін. Сондықтан, егер артық салмағым бар деп есептесеңіз, өз өлшеміңізден 1 өлшем артық та, 1 өлшем кем де кимеңіз. Бірақ кейбір дизайнерлердің нұсқауы бойынша үлкен мойынорағыш (шарф) немесе басқа да көлемді аксессуарларды қолдануға болады.
Oversize сыртқы киімін қалай таңдауға болады?
Суық мезгілде де сыртқы киім үшін oversize стилі қазір де өзекті болып табылады. Осы маусымда oversize стиліндегі пальто, жылы күртелер, классикалық үлгідегі пальто сән шыңында.
* Классикалық пальтоның иық сызығына назар аударыңыз. Иық сызығының тігісі сәл ғана иықтан төмен түсіп тұрса жеткілікті. Тым ұзын болмауын қадағалаңыз. Сондай-ақ, жеңдеріңіз білезіктен сәл ғана ұзын болуы мүмкін, бірақ тым көп емес. Өйткені, жеңі тым ұзын болса сіз пальтоға «сүңгіп» кетпеуіңіз керек.
* Oversize пальто үшін мінсіз ұзындық сіз әдетте киетін көйлектермен бірдей. Бойы қысқа қыздар үшін маңызды ереже тым ұзын емес модельдерді таңдаңыз.
Ұзын бойлы ханымдар, ханшайымдар максималды ұзындықты таңдағаны жөн. Мүсініңізді айшықтағыңыз келсе, белдік тақсаңыз да болады.
* Спорттық стилді ұнататын болсаңыз, кез-келген бейтарап түстің көлемді қысқа күртешені таңдап, джинсы немесе спорттық шалбармен бірге табаны қалың кроссовкалармен үйлестіруіңізге болады.
Тіпті ұзын «көрпеге оранып шыққандай» спорттық үлгідегі күрте кигенді ұнатып, осындай стилде талғампаз көрінгіңіз келе ме? Барқыт немесе жаккард, асимметриялық қиық сияқты «сәнді» материалдардың ерекше модельдеріне назар аударыңыз.
Қонышы кең, өкшесі қалың талғампаз аксессуарлар мен аяқ киімдерді таңдаңыз.
Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,
Тағы оқыңыз: