​ПАТЧтың ПАЙДАСЫ мен ЗИЯНЫ

0
8 273

Патч теріні бүлдіруі мүмкін бе?


​ПАТЧтың ПАЙДАСЫ мен ЗИЯНЫ

Патч - бұл гидрогельді жастықшалардың ыңғайлы түрінде жасалған сарысу. Ол өзінің ерекше құрамымен белгілі бір аймаққа пайдалы. Яғни, ол ұсақ әжімдермен, құрғақ терімен және көздің астындағы қара шеңберлермен күресу үшін қолданылады.

«Гидрогель» атауы өнімнің су негізінде жасалғанын және онымен сәтті байланысқанын білдіреді.


Патч пен көз кремінің айырмашылығы

Гидрогель терінің жылуынан теріге жақсы сіңеді және оны қажетті компоненттермен қанықтыра алады. Сондықтан патч құрамындағы белсенді заттар теріде ұзақ сақталады, өзінің нәтижесін жылдам көрсетеді.


фото: aliexpress.ru

Теріге зияны қандай?

Патчтар - бұл өте танымал және көбінесе экспресс күтімнің лезде әсер беретін косметикалық өнім. Соған қарамастан, мұның да теріге зиянды тұстары болады. Ол қай кезде? Есіңізде сақтаңыз.

Бұл сіз үшін маңызды болуы мүмкін, себебі күнделікті теріге арналған «жедел жәрдемді» қажет етесіз. Дегенмен, бұл өнім күнделікті қолдануға арналмаған.

Өнімнің сапасына, құрамына және дұрыс қолданылуына байланысты оның әсер етуі тікелей әрекет етеді. Көз айналасына арналған патчтардың айқын артықшылығы ұқыпты макияжды және көз астындағы көлеңкелерді жасыруды қамтамасыз етеді. Олардың көмегімен макияждың төменгі шекарасы әрдайым тегіс болады, ал көздің астындағы тері әдемі, серпімді көрінеді және ылғалдылықты сақтайды.

Патчтар көз астындағы көгеру мен ісінуді азайтады. Бұл әсер қысқа мерзімді болғанымен тез арада бет терісінің қалпына келуіне, макияждың ұқыпты шығуына көмектеседі.

Шағын қысымды, көздің астындағы теріге жақын тамырлардың тоқырауынан пайда болатын көгілдір түсті азайтуға көмектеседі. Сондықтан, бұл аймақты жеңіл уқалау өте жақсы әсер етеді. Бірақ, мейлінше мұқият болыңыз, өйткені көздің астындағы тері өте нәзік. Сонымен қатар, көз астындағы көгеру, көлкілдеу генетикалық факторлардан да туындауы мүмкін. Мұндай кезде патч пен массаж жеткіліксіз болады.

Патч-пиллингтен арылуға, теріні ылғалмен қанықтыруға, оған жаңа және жарқын көрініс беруге көмектеседі. Дегенмен, бұл визуалды әсер, патчтар әжімдерден арылуға көмектеспейді, тек қана уақытша ұсақ әжімдердің сырт көзге байқалмауын қамтамасыз етеді. Сондықтан, тері бетінен ылғал буланған сайын, әжімдер қайтадан пайда болатынын естен шығармаңыз.

Патчтар бүркеншік қызметін атқарады. Сіздің теріңізді сәндік косметиканы қолдануға дайындауға көмектеседі. Көрнекі түрде тері едәуір серпімді, тегіс, қаныққан болады. Бірақ, егер сіз күн сайын теріңізді осы процедурадан өткізсеңіз, бұл терінің үнемі ісінуіне әкеледі. Нәтижесінде теріңіздің табиғи тосқауыл функцияларын бұзуы мүмкін.

Пачтарды күнделікті қолдану тиімді шешім емес, егер сіз күнделікті қолдануға сүйеніп алсаңыз, терінің құрғауы басталады. Бұл өз кезегінде тек жаңа әжімдерді тудыруы мүмкін және ыңғайсыздық тудырады.


фото: talapai.kz

Қалай пайдалану керек?

Тері түріне және нақты мақсатқа арналған патчтарды таңдаңыз. Қораптағы жеке нұсқауларды оқып, оны орындаңыз. Жатар орынға мүлде қолдануға болмайды, ең дұрысы, таңертең ұйқыңыздан оянғанда немесе түстен кейін патчтарды қолданған дұрыс. * Тазартылған бет терісіне қолданыңыз, оны қолмен немесе арнайы шпатель көмегімен қолдануға болады.

* Аптасына 2-3 реттен жиі пайдаланбаңыз.

* Бұл емдеу процедурасы емес, тек косметикалық.

* Кез-келген патчтарды теріге 15-20 минуттан артық қалдыруға болмайды. Осы уақыт аралығы теріге пайдалы заттарды сіңіру үшін жеткілікті.

* Сыртқа шығардан кемінде бір сағат алдын патчты қолданыңыз, себебі ауа алмасуы әсерінен тері бүлінуі мүмкін. Әсіресе суық мезгілде немесе ыстық күннің астында бірден шығып кетуге болмайды.

* Косметологтар патчты қолданғаннан кейін, оның әсерін бекіту үшін теріге аздап нәрлендіретін крем жағуға кеңес береді.

* Патчтың әсерін күшейту үшін оны тоңазытқышта сақтағаныңыз жөн, салқын патчты қолдану тиімдірек. Тек қана оны мұздатқышта сақтауға болмайды! Егер дымқылдығын жоғалтпаған болса, қолданылған патчтардың кейбір түрлерін қайта пайдалануға болады.


Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

ОҚИ отырыңыз:


Өз ПАРФЮМіңізді табуға көмектесетін ӘДІС


МАКИЯЖды ҰЗАҚ САҚТАЙТЫН - фиксатор