​ШАШ БОЯУы ҰЗАҚ уақыт сақталуы үшін

0
17 197

Шашыңызды ЖУМАҢЫЗ...


​ШАШ БОЯУы ҰЗАҚ уақыт сақталуы үшін

Қазіргі күнде мәжбүрліктен шаш бояйтындардың қатары артты. Бір жағынан, сәндік үшін болса, бір жағынан, шашқа түскен ақ шашты жасыру мақсатында әсемдік салонына арнайы барып немесе үй жағдайында да шашты бояп жататын ханымдарға шаш бояуы жөнінде кеңес бермекпіз.

Ай сайын бояуы кеткен шашты жаңартып, бояу жағып жатуға кейде уақыт тапшы болып жатса, кейде дәл уақытында қаржы жағы аз да болса қолбайлау болып жатады. Сондықтан, шашқа жаққан бояудың мейлінше ұзақ уақыт өңін жоғалтпай, жақсы сақталуы үшін...

...НЕНІ білу қажет?

Шашыңызды ЖУМАҢЫЗ

Шашыңызды бояу ойыңызда жүрсе, шашыңызды боярдан кемінде бір-екі күн алдын жумаңыз. Яғни, бояу кір шашқа жақсы сіңеді. Сонымен қатар, шаштың түбі қорғаныс қабілетін осы кезде арттырады және бояу құрамындағы зиянды заттардың әсерін кемітеді.


Анығында, боялған шашты арнайы шаш кептіргіш феннің көмегімен құрғатуға болмайды. Себебі, шашты бояғанда көбірек ылғалдандыруға мұқтаж болады.

Егер сіз бұған аса мән берместен, бояудан кейін жуылған шашты феннің көмегімен кептіретін болсаңыз, онда шашыңызға айтарлықтай зияны да тиетінін ұмытпағанңыз жөн. Мұндайда шаш сынғыш, төгіліп түсуге де бейім келеді.

Боялған шашты үнемі арнайы шашқа арналған кондиционермен жууды әдетке айналдырыңыз. Бұл әдіс шаштағы бояудың жарамдылық мерзімін ұзартып қана қоймай, шаш түптерін бекітеді, өсуін де анағұрлым арттырады.

Бұдан бөлек, боялған шашты жуып болғаннан кейін кептірместен тарауға ұмтылмаңыз. Өйткені, толық құрғамаған шашты тарау шаштың саулығына нұқсан келтіреді.

Боялған шашты жиі жууға болмайды. Тек қана шашыңыздың аздап майланғанын сезсеңіз ғана жууға рұқсат. Егер сіз аптасына үш реттен артық жуатын болсаңыз, әрине, бояу да ұзақ уақыт сақталады деп айту қиын.

Боялған шаштың күтімі табиғи боялмаған шашқа қарағанда ерекшелеу болады. Шашты бояғаннан кейін тек қана үш күн өткеннен кейін ғана шашыңызды жуа аласыз. Сонымен қатар, енді сіз тек қана боялған шашқа арналған арнайы сусабындар мен шаш күтіміне арналған құралдарды ғана пайдалануыңыз қажет.


Шаш түспеуі үшін, «ауырмауы» үшін

Шашыңызға дөп келетін арнайы фирманың немесе белгілі бір сусабынды таңдап алған соң, оны жақын арада өзгертпеуіңіз керек. Әр түрлі сусабынды пайдалану шашыңызға пайдасынан гөрі зиянды жағы басымдау екендігін естен шығармаңыз.

Боялған шаш үшін қолданылатын шаш күтіміне арналған құралдар үшін ақшаңызды аямаңыз. Егер осындай құралдың құрамында Е витамині бар болса, нұр үстіне нұр болар еді.

Сонымен қатар, боялған шаш үшін үй жағдайында дайындалатын шаштың түбін бекемдеуші масканы аптасына бір рет пайдаланып тұрыңыз.

Үй жағдайында жасалатын МАСКА:

2 дана жұмыртқаның сарысын жарты стакан жылы сумен араластырыңыз. Судың ыстық болмағанын қадағалаңыз, өйткені, су ыстық болса, жұмыртқаның сарысымен араласпайды.

Дайын болған масканы шашыңызға жағар алдында ыстық сумен шашыңызды жуып алыңыз. Содан соң, масканы шаштың түбінен бастап массаж жасай отырып мұқият уқалап жағып шығыңыз.

Бес минут бойы осылай уқалап, содан соң үй температурасындағы сумен жуып тастайсыз. Бұл масканы аптасына бір рет жасасаңыз жеткілікті.


Дұрыс таңдалмаған ШАШ БОЯУЫ

Шаш бояуының дұрыс таңдалмағаны тек шашыңызға ғана емес, басыңызға да кері әсерін тигізуі мүмкін. Егер сіз шаш бояуын дұрыс таңдамаған болсаңыз, бояудың нәтижесінде басыңызда қайызғақтар пайда болады және үнемі бас терісі қышып, көпшілік ортада мазаңызды қашыруы мүмкін.

Осындай ыңғайсыз жағдайдың алдын алу үшін немесе қайызғақпен, қышумен күрес жүргізу үшін лимон мен пияздың сөлі, сондай-ақ, зәйтүн майы жақсы көмек көрсетеді.

Ол үшін аталған өнімдерді бірдей мөлшерде өлшеп алып, араластырыңыз. Дайын болған қоспаны 20-30 минутқа басыңызға жағып қойыңыз.

Уақыт өткен соң, әдеттегідей жылы сумен жуып тастайсыз.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:

ТОЛЫҚША келген қыз-келіншектерге ҚАНДАЙ ӘШЕКЕЙ жараспайды?

ЕРТЕ ҚАРТАЙЫП КЕТПЕУ үшін МЫНА кеңестерді орындау қажет