​ШАШ күтіміндегі ЖАҢА үрдіс - «КЕРІ ЖУУ»

0
3 882

Шашты сусабынмен жуып, соңынан бальзаммен шаюды керісінше жасап көрсеңіз не болады?


​ШАШ күтіміндегі ЖАҢА үрдіс - «КЕРІ ЖУУ»

Шаш күтімінде әдетте сусабынмен жуып, соңынан бальзам қолданатынымыз рас қой. Әртүрлі маска жасау, уақытылы ретке келтіріп, ұштанған шашты қысқарту т.б. шаш күтімдерін былай қойғанда, аптасына кемінде 2 рет шаш жуу қажет.


Әдеттегідей кірлеген шашты сусабынмен жуып, соңынан бальзаммен шаюды керісінше жасап көрсеңіз не болады?

Алдымен бальзам, содан кейін сусабын. Шаш күтіміндегі жаңа үрдіс қарқын алуда. Қалыптасып қалған қағиданы бұзудың мәні неде, оның бізге пайдасы бар ма? Анықтап көрейік.


Әр адамның шашы әртүрлі, сондықтан қолданатын сусабындары да түрліше. Егер шашыңыз қалың әрі қайратты болмаса, шашқа арналған бальзам немесе кондиционерлерді қолданғаннан кейін біраз қиындықтарға тап болатыны белгілі. Жұқа, селдір шаш иесі болсаңыз, өзіңізге де белгілі шығар, шайғыш бальзамдарды қолданған кезіңізде міндетті түрде шаш түсуіне кезігесіз.

Шаш ауыр болады, көлемін жоғалтады және тез ластанады. Мұның барлығы да кондиционер немесе шайғыш бальзамдардың кері әсері. Алайда, соған қарамастан шашыңызды кондиционерден мүлдем айыру мүмкін емес.

Себебі шашты тек қана сусабынмен жуу түрлі жағымсыз әсерлерге бөлейді.

Шатаса бастайды, «электрленеді», икемге «көнбейді».

(Суреттер ашық дереккөздерден)

Көптеген мамандар шайғыштарды салмақ түсірмеу үшін, бірақ сонымен бірге тарақты жеңілдету үшін шаштың ұштарына ғана қолдануға кеңес береді.

Сонымен қатар, жаңа тренд пайда болды күтім құралдарын ауыстыру, яғни алдымен шайғыш бальзамды немесе кондиционерді қолдану, содан кейін басыңызды сусабынмен жуу. Бұл әдісті «кері жуу» деп атауға болады.

Су шайғыш бальзамды толығымен жуып тастай алмайды, сондықтан бальзамды сусабыннан кейін пайдалану шашты ауырлатады, содан кейін ол тез лас болып, көлемін жоғалтады.

Егер сіз алдымен кондиционерді қолданып, содан кейін басыңызды сусабынмен жусаңыз, онда каондиционер шашты қажетті заттармен қанықтыруға мүмкіндік алады. Ал соңынан сусабынмен жуып, кондиционердің де қалдықтарын оңай кетіре аласыз. Бұл жағдайда кондиционердің әсері сақталады.


Ескерту!

Бұл әдіспен шашыңызды жуғыңыз келсе, шашыңыздың сирек, жұқалау болғаны дұрыс. Қалың, бұйра немесе қатты шаштың иесі болсаңыз тәжірибе жасамағаныңыз жөн болар. Өйткені, әсері айтарлықтай болмайды.

Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


КІРПІКті ламинаттаудан бұрын АРТЫҚ-КЕМШІЛІГІН біліп алған жөн


Кератинді түзетудің ПАЙДАСЫ мен ЗИЯНЫ