Шашты өсіру үшін түрлі амал-әрекетке барып жатсаңыз да, нәтижесі болмай ма? Ендеше, алдымен, шаш неліктен баяу өсіп жатқандығының себебін анықтап көрейік.
Әдетте саулығы мықты шаш бір айда орта есеппен алғанда 1,5- 2 см-ге дейін өседі. Бірақ, бұл барлық адамға тән емес. Кейбіреулердің шашы жылдам өссе, кейбірінікі бір жыл өсірсе де шашы сол күйі тұрған секілді көрінеді. Яғни, өте баяу өседі.
Шашты өсіру үшін түрлі амал-әрекетке барып жатсаңыз да, нәтижесі болмай ма?
Ендеше, алдымен, шаш неліктен баяу өсіп жатқандығының себебін анықтап көрейік.
Оған түрлі себептер болуы мүмкін.
1-себеп
Адамның ағзасында дәрумендердің жеткіліксіздігі. Сондықтан, организмге нақты қандай дәрумендердің жеткіліксіз екендігін анықтап, соған орай, дәрумендерді қабылдауды бастаңыз. Немесе қандай жағдайда да адам организміне қажетті, ешқашан артық болмайтын жаңғақ, соя, сүзбе, көкөністер мен жеміс-жидектерді молынан тұтынып, тамақтану режиіміңзге тұрақты енгізіңіз.
2- себеп
Шаш түбірінің зақымдануы. Сонымен қатар, дұрыс жасалмаған күтім, шашты жиі бояу, қатты тарау, асығыс-үсігіс, шала жуу, және шаш кептіргіш құралды (фен) міндетті түрде қолдану да шаштың қалыпты жағдайда өсуіне айтарлықтай кедергі келтіреді.
Осы себептерді жою үшін, яғни, шаштың баяу өсуінің алдын алып, өсуін жылдамдату үшін, шаш саулығын арттыру үшін НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?
Ол үшін төмендегі кеңестерді мұқият орындаңыз. Шашыңызға осы масканы жасап тұрыңыз:
1.Бірдей мөлшерде алоэ шырыны, бал, жұмыртқаның сарысы және коньякты алып, жақсылап араластырыңыз. Таза жуылған шашқа қоспаны мұқият жағып шығыңыз. Шаштың түбінен ұшына дейін тәртіппен жағыңыз. Маска шаштың барлығын қамтуы тиіс. Содан кейін шашыңызды целлофан паектпен орап, үстінен қалыңдау сүлгі немесе орамал байлап қойыңыз. Бір сағаттан соң, жылы сумен жуып тастайсыз. Бұл масканы аптасына бір рет жасап тұрсаңыз, нәтижесі де айтарлықтай болмақ.
2.Бір ас қасық қалампырдан демделген (дәріханада сатылады) суға бір ас қасық жылытылған кастор майы, бір ас қасық косметикалық бальзамды араластырыңыз. Осы қоспаға мақтаны батырып алып, шаштың түбіне жағыңыз. Бұл қоспаны жағарда абай болыңыз, көзге тимеуі керек. Бір сағат өткеннен соң, жақсылап жуып тастаңыз. Мұндай маска бастың қанайлымын жақсартады. Сонымен қатар, шашты нәрлендіреді. Аптасына екі рет осы масканы жасау ұсынылады.
3.Бір дана жұмыртқа, екі ас қасық кастор майы, бір шәй қасық глицерин және бір шәй қасық сірке суын қосып, жақсылап араластырыңыз. Шашыңызға жағып, целлофан қалтасымен орап, үстінен сүлгі орап қойыңыз. 40 минуттан соң жылы сумен сусабынмен жуып тастаңыз.
4.Шашты әдеттегідей сусабынмен ғана емес, арасында кәдімгі айран немесе пияздың сөлі, сарысу (сыворотка) секілді өнімдерді пайдаланыңыз. Шашыңызға аталған өнімнің бірін жағып, жарты сағаттан соң жуып тастаңыз. Бұл әдіс шашыңызға жаңа өң береді. Саулығын арттырады.
5.Үккіштен өткізілген пияз бен балдың қосындысынан дайындалған маска. Бал бұл масканың төрттен бір бөлігін құрайды. Масканы шаштың түбіне жағып, 40 минутқа қалдырыңыз. Одан кейін жылы сумен жуып тастайсыз.
6.2 стакан сыраны 2 дана жұмыртқаның сарысымен араластырыңыз. Целлофан қалтасын киіп, сыртынан сүлгімен ораңыз. 1 сағаттан соң, жылы сумен жуып, бөлме температурасында кептіріңіз. Шаш кептіргіш құралды пайдалануға болмайды. Бұл масканың нәтижесі көз қуантарлықтай. Шашыңыз жылдам өсіп қана қоймай, табиғи қалпына тез түседі және шаштың саулығы нығаяды.
Г. Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз:
«ҚЫПША БЕЛ» болуға көмектеседі
Шегінен асырып БОЯНАТЫН әйелдерде өзіне деген сенім аз болады