​Шашыңызға ерте ақ түсті ме? Мұның емі бар

0
13 010

Кәдуілгі күнделікті таңғы асқа пайдаланатын сары майдың құрамында шаштың ағаруын баяулататын минералдар бар екендігін білесіз бе?


​Шашыңызға ерте ақ түсті ме? Мұның емі бар

Шаштың ағаруы ерте ме, кеш пе, әйтеуір орын алатындығы анық. Жас ұлғайған сайын шаш түсінің жоғалуы, яғни, ағаруы - табиғи құбылыс.

Бірақ, бүгін біз жасына лайық емес, 20-25 жастағы бойжеткен қыздардың (тіпті, кейбірі одан да ерте) уайымын түсіне отырып, олардың шағымына орай, ары қарай ақ шаштың көбеймеуі үшін, алдын алу үшін кеңес бермекпіз.


Тамақтануыңызға мән беріп жүрсіз бе?

Дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылып жүр. Шаштың саулығын сақтау, ағарудың алдын алу үшін дәл осы қағиданы сақтауды ұсынамыз.

Егер шашыңыз жылдам ағарып жатқан болса, онда тамақтану үрдісіне көңіл аударуыңызды сұраймыз. Ағзаға зиянды, зиянсыз тағамдардың түрлері қандай екендігін өзіңіз де жақсы білесіз. Сондықтан, шектейтін тағам түрлерін де жақсы білуіңіз керек. Күнделікті тағамыңызда нені жиірек тұтынасыз? Сол тағамнан уақытша бас тарта тұрыңыз.

Сонда шашыңыздың неліктен жылдам ағарып жатқандығының себебін анықтау қиын болмайды.

Мамандар күнделікті тұтынып жүрген тағам мәзірінен үрмебұршақ (ловия), шалғам және бұршақтұқымдас азықтарды жиі тұтынған адамның шашының ағаруы баялай түседі дейді. Өзіңіз де сынап көруіңізге болады.

Сонымен қатар, құрамында йод көбірек кездесетін өнімдер де шаштың ағаруына қарсы ең жақсы амалдардың бірі саналады.



Сары май да көмек береді

Кәдуілгі күнделікті таңғы асқа пайдаланатын сары майдың құрамында шаштың ағаруын баяулататын минералдар бар екендігін білесіз бе? Сары май шаштың ағаруын баяулатып қана қоймай, оған рең береді екен.

Ол үшін сары майды ерітіп, шаштың түптеріне уқалап отырып жағып шығыңыз. Бұл масканы аптасына 2 рет қайталаңыз.


Көп күйзелу (стерсс) ақ шашты көбейтеді

Шаш ағаруының тағы бір негізгі себептерінің бірі - күйзеліске түсу. Үнемі бірдеңені ойлау, уайымдау, әлденеден (әлдекімнен) қорқу, өзін жайсыз сезіну... Бұлардың барлығы күйзеліске бастар жол.

Нәтижесінде тек қана шаш емес, тән де зардап шегеді. Сондықтан, стресстен сақтаныңыз, мәселе әркімнің басында болып тұрады. Алайда, салқын ақылды, сабырлы адам күйгелек адамға қарағанда қиын мәселенің оң шешімін жылдам табады.

Күйгелектенбеу үшін, егер сіз сабырсыз адам болсаңыз, бойыңыздағы ашу мен уайымды шығарып тастау үшін дене еңбегімен айналысқаныңыз жөн. Бұл ойыңызды аз уақытқа болса да бөліп, сізді тыныштандыра алады.



Қара шай қою реңк береді

Қара шай - шаштың ағаруына тоқтату үшін қолданылатын ең ұтымды тәсілдердің бірі. Өйткені, қара шайды кез-келген үйден табуға болады.

Қара шайдің шаш үшін пайдалы тұстарының артықшылығы сол, ол шаштың ағару белсендігіні тоқтатып қана қоймай, ағарған шашыңызға қайтадан рең беріп, бастапқы қалпына қайтуына жәрдем береді.

1 стақан қою демделген қара шайды 1 ас қасық өсімдік майымен жақсылап араластырып, шаштың түптерінен бастап, ұшына дейін мұқият жағып шығыңыз.

Жақсы нәтижеге жету үшін бұл масканы күніне екі рет қолдану ұсынылады.

(суреттер ашық дереккөздерден)


Тағы бір тәсілі бар

Қою етіп демделген 1 стақан қара шайды 1 ас қасық ас тұзымен араластырыңыз. Осы қоспаны шаш түбіне массаж жасай отырып жағып шығыңыз.

1 сағатқа қалдырыңыз. Одан соң шашыңызды жылы сумен жуып тастайсыз.

Бұл тәсілді күніне бір мезгіл қолдансаңыз жеткілікті.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


ҚАНДАЙ адамдар ҚАРТАЙМАЙДЫ - мұны күніне 10 минут жасаса жеткілікті


Көзіңіз ісіп тұрса ШАЙ мен КАРТОП көмектеседі