Қиын емес, тек аса мән бермей жүргеніміз болмаса...
Күннің суық мезгілінде теріге күтім қажет. Мұндай кездері тері 2 жағдайда зардап шегеді.
Даладағы суықтан және бөлме ішіндегі құрғақ ауадан да тері құрғап, жарылуға бейім болады. Оның күтімі «майлы кремді жағу» жеткілікті деп ойлайтын болсаңыз, қателесесіз.
Теріні сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғау үшін 5 ережені белгеніңіз жөн.
1. Суықтан қорғау
Қарапайым және маңызды ереже осы. Ауа райына сәйкес киініп, мойынорағыш, қолғап және жылы баскиімсіз далаға шықпаңыз. Сыртқа шығарда осының барлығын толық орындаған соң серуендеуді де ұмытпаңыз. Неғұрлым қысқы таза ауада көбірек жүрсеңіз, теріңіз де «демалады». Қатты тоңып бара жатсаңыз, жылы жерге кіруге асығыңыз.
Тек қана есіңізде болсын, даладан үйге кіргенде бірден қолыңызды немесе бетіңізді бірден ыстыққа ұстамаңыз. Себебі температураның күрт ауысуы тамырлардың кеңеюіне байланысты түрлі ауруларды туындатуы мүмкін.
2. ПИЛЛИНГті жиі жасаңыз
Теріні өлі жасушалардан арылтатын кезең суық мезгілдерде. Аптасына бір рет бүкіл денеңізге пиллинг жасап тұрыңыз. Бұл терінің қатайып, қабыршақтануының алдын алады. Бет терісіне пиллинг жасағанда абай болыңыз. Егер теріңізде қандай да бір жайсыздықты сезінетін болсаңыз, сіздің теріңіз аса сезімтал. Сондықтан ең дұрыс шешім ферментативті бет пиллингін жүргізетін және мәселеңізді оңтайлы шешетін маманмен кеңескеніңіз жөн.
(Көрнекілік үшін суреттер ашық дереккөзден алынды)
3. Ерніңізді де күтіңіз
Әсіресе ауа райының суық кездерінде ерінге де ерекше күтім қажет. Суық жел өтінде біраз уақыт жүргеннен кейін ерніңіздің кеберсігенін байқайтын боларсыз? Мұндай кезде ешқашан ерніңізді «жаламаңыз»! Оның орнына сөмкеңізге ерінге арналған нәрлендіргіш бальзамды салып жүрсеңіз, ерніңіз құрғап, кеберси бастағанда жағып қоясыз.
4. Душқа арналған гельдерді суықта қолданбаңыз
Мұндай мезгілде тері сыртқы факторлардан зардап шегеді. Сондықтан, көбіктенетін косметикадан (душқа арналған гель) бас тартқаныңыз жөн. Күнделікті душ қабылдайтын болсаңыз, жай ғана ағын судың өзі де жеткілікті.
5. Ауаны «ылғалдандырыңыз»
Суық мезгілде үйімізді, жұмыс орнымызды жылытамыз. Жылы жерде отырсақ та, ол жердің ауасы құрғақ болуы да мүмкін ғой. Сондықтан, үйдің ауасын ылғалдандырып, бірер минутқа терезені ашып желдетіп алғаныңыз да жөн.
Бұл теріңізге ғана емес, бүкіл ағзаңызға пайдалы.
Г. ЖҰМАДІЛДАЕВА,
Тағы оқыңыз: