​«ТЕЙП» деген не? Бұл техникамен едәуір жасарасыз

0
6 535

ТЕЙПтеу техникасын білсеңіз, терінің күйін жақсарта аласыз


​«ТЕЙП» деген не? Бұл техникамен едәуір жасарасыз

Тейп бүгін трендте. Көбінесе мұны спортшылар қолданатын еді.


Әртүрлі жарақаттың алдын алу үшін «серпімді жолақтарды» тейп деп атаймыз. Бұл әдістің қызметін теріге зиян келтірмеу үшін спортшылар қолданатын болса, бүгін оны түрлендіріп, теріні жасарту үшін, әжімдердің орнын тегістеу үшін көптеген ханымдардың қолданатынын байқауға болады.


Дегенмен айта кету керек, тейптеу әдісін білмесеңіз, өз бетіңізше қолданудан аулақ болыңыз. Маманнан кеңес алып, оның бақылауымен «жасарыңыз»!

фото: deal.by


Жүйесіз жасалынған тейпинг, дұрыс орындалмаған әдіс теріге зиян тигізуі мүмкін. Сауатсыз жасалған әдіс әжімдердің тереңдеуіне, бет асимметриясына, ісінудің пайда болуына, тері ауруларына, терінің жұқаруына және оның жарақаттануына, аллергиялық реакцияларға, пигментацияға жол ашып береді. Сондықтан, мейлінше сақтықпен қолданған дұрыс екендігін ескеріңіз!

Адам анатомиясы мен физиологиясына негізделген мамандар жасаған белгілі ережелер, әдіс-тәсілдері бар.

Бүгінгі таңда тейпинг педиатрияда, спортта, косметологияда, бет пен дененің эстетикасында сәтті қолданылады. Әлемдік атаулары бар дәрігерлер пациенттерді қалпына келтіру және қалпына келтірудің қосымша құралы ретінде қолданады.

Тейптер интерстициальды сұйықтықтардың (қан, лимфа) қозғалысын белсенді етуге ықпал етеді, бұл ісінудің алдын алуға, ауырсынуды жеңілдетуге, спазмодикалық бұлшықеттерді босаңсытуға көмектеседі.

Тейптеу техникасының тиімділігін растайтын бірнеше зерттеу жүргізілгеніне қарамастан, көмекші әдістерді қолданбай ұзақ және тұрақты нәтижеге жету қиын. Ол үшін массажды, бет әлпетін, дене бітімін, дұрыс тамақтануды, физикалық белсенділікті және бет күтіміне арналған түрлі процедураларды қосу керек.

Бетті көтерудің үш негізгі түрі бар: көтеру, лимфа дренажы және релаксация (терапия). Процедураның қандай атауы бар, біз одан осындай нәтиже күтеміз.


фото: megapit.kz

ТҮНГІ ТЕЙПИНГ

Тейптерді қолдану, шын мәнінде, терінің белгілі бір аймағын бекітеді, оның қозғалуына, жаңа әжімдердің, ұйқы кезіндегі тері қыртыстарының пайда болуына жол бермейді.

Адам күлгенде, ашуланғанда мимикалық әжімдер пайда болады, бұл бұлшықеттің жиырылуының қысқа мерзімді әсері.

Ал ұйқы кезінде терінің деформациясы бірнеше сағатқа созылады. Көпшілігіміз дұрыс ұйықтамаймыз, атап айтқанда басымызды жастыққа дұрыс қоймаймыз. Нәтижесінде бұлшықеттер қысылып, қан айналымы мен лимфа ағымы бұзылады, спазм пайда болады. Осының барлығы да сыртқы келбеттің нашарлауына, әжімдердің көбеюі мен ерте қартаюға әкеледі.

Жас ұлғайған сайын «таңертеңгі қыртыстар», яғни дұрыс ұйықтамаудың әсері жоғалып кетпейді, керісінше тұрақты әжімдерге айналады.

Әсіресе, көз бен ерін айналасындағы тері өте нәзік болғандықтан, осы аймақтарға әжімдер тез түседі және айқын көрінеді. «Дұрыс ұйықтамау» осы аймақтардың қан айналымының нашарлауына, терінің серпімділігінің жоғалуына әсер етеді. Ал мұның алдын алу шараларының бірі ортопедиялық жастықты қолдану және дұрыс жасалынған тейптеу техникасы.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


БЬЮТИ-ТРЕНДте «БАЙ ӘЙЕЛдің» бет-бейнесін жасау


БАЛАЛАРға арналған кремді ЕРЕСЕКтерге қолдануға бола ма?