Тісіңіздің аппақ болғанын қалайсыз ба? Ең оңай ҮШ ӘДІС

0
6 847

Тісіңіздің ақ маржандай болуы келбетіңіздің сұлулығына қаншалақты әсер етеді? Тісті арнайы медициналық процедуралар қолданбай-ақ үй жағдайында ағартудың жолдары қандай? Сіз бен бізді толғандырған сауалдарға жауап іздеп көрейік.


Тісіңіздің аппақ болғанын қалайсыз ба? Ең оңай ҮШ ӘДІС

фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Жымиып күлу, күлімсіреп жүру адамның ажарын айшықтай түсері анық. Алайда, әдемі күлкісін тісінің аппақ болмауынан жасырып қалатындар бар. Арнайы құрылғылармен тісті ағартуға кейде уақыт тапшы, ал енді біреулерде қалта көтермеуі мүмкін.

Үй жағдайында тісті ағартудың 3 әдісін назарларыңызға ұсынамыз. Қағаз бен қалам алып түртіп алыңыз, қажетіңізге жарап қалар.


1.Фольгамен ағарту


Кез-келген асханадан табылатын қарапайым фольга жолағымен тісті ағартуға болатынын білесіз бе?

Бізге қажетті заттар: Фольга, тіс пастасы, ас тұзы және ас содасы.

Құрғақ ыдысқа 1 ш.қ тіс пастасын, 0,5 ш.қ ас содасын сондай-ақ, 0,5 шай қасық тұзды салып, жақсылап араластырамыз. 5-10 минутқа қалдырамыз (салған қоспа өз ара сіңіп, ерігенше). Ал, сіз ол уақытта тісіңіздің формасына келетіндей етіп фольга дайындап қойыңыз. Фольга жолағына дайын болған қоспаны жағып тісіңізга жабыстырып қойыңыз. 15 минуттан соң шешіп, ауыз сумен жақсылап шайыңыз. Аптасына 2-3 рет жасасаңыз нәтежиесін байқайтын боласыз.


2. Сутегінің асқын тотығы (перекись)

Үйдегі дәрілік қорапшаның ішіндегі сутегінің асқын тотығының (перекись) да тісіңіздің маржандай болуына көмектесетінін мамандар тәжірибе жүзінде дәлелдеген.


Қажетті заттар: Сутегінің асқын тотығы (перекись), мақта.

Бұл тәжірибе сүрту және шаю арқылы жүзеге асады. Алдымен мақтаға Сутегінің асқын тотығын (перекись) бірнеше рет тамызып тісіңізді жақсылап сүртесіз. Содан соң таза сумен шайып тастаңыз. 10 минуттан соң 1 стакан жылы суға Сутегінің асқын тотығының (перекись) 0,5 шай қасық салып, ауыз қуысын шаю қажет. Бұ тәжірибеден соң да міндетті түрде таза сумен шаюыңыз қажет. Ескерту: Сутегінің асқын тотығымен болған ағарту тәсілін аптасына 2 реттен артық жасауға болмайды. Тіс сезімтал болса басқа нұсқаларын қарап көріңіз.


3.Құрғақ сүт.

Ағарғанның адам ағзасына қаншалықты пайдалы екені белгілі. Әсіресе, сүт құрамында біздің ағзамыз қажет деп тапқан барлық дәрумендер бар. Сүйектеріңіздің сырқырамағанын, тістеріңіз бүтін болғанын қаласаңыз күнделікті сүт ішіп тұруға кеңес береді мамандар. Ал сүттің құрғатылған түрін ғалымдар тіс ағартуға болатынын дәлелдеген. Сонымен, кеттік.


Қажетті заттар: тіс пастасы, құрғақ сүт.

Күнделікті тұтынатын тіс пастаңызға құрғақ сүтті араластырып тіс щеткасымен жақсылап үйкеңіз. Иә, күнделікті тісіңізді тазартқандағы секілді. Дәл осылай араға күн салып жасап тұрсаңыз тісіңіз маржандай ағарып, ажарыңыз кіре түседі.

Сонымен бірге, тісті ағартуға лимон шырыны, құлпынай, теңіз тұзының да берер әсері бар.

Бүгінгі ұсынылған әдістер пайдаңызға асады деп ойлаймыз. Тістеріңіз сау әрі маржандай болса, өзіңізге сенімді жүресіз әрі көңіл күйіңіздің де жайдары болары сөзсіз.

Дайындаған: Гүлнұр Әмірәлі,

ERNUR.KZ