Тізе мен шынтақтың қараюы көзге оғаш көрініп, сырт сымбатсың сынын бұзады.
Тері - ағзадағы әр түрлі өзгерістердің нышаны. Денсаулығыңызда қандай да бір кінәраттың барын терінің түсіне, күйіне байланысты анықтауға болады. Тері күйінің нашарлығы мәселе туындатып, адамның өзіне деген сенімін азайтады, әсіресе, бет терісінде проблемалар болса адамда еріксіз комплекс пайда болады.
Тізе мен тобық айналасының және шынтақтың өзге тері түсінен өзгешеленіп, кір немесе дақ секілді көрінуі (қанша жусаңыз да кетпейтін) сұлулығыңызға сын келтіреді.
Сондықтан, алдымен мұндай мәселенің қалай туындағанын, не себептен пайда болғанын анықтауға тырысайық.
Әртүрлі себептерден пайда болатын қара дақ жеке бас гигиенасын дұрыс сақтамағандықтан, ұдайы шынтақпен үстелді тіреп отыру, тізе мен тобық маңының қараюы қатқыл кілемнің үстінде аяғыңызды астыңызға басып отыру жиі қайталана берсе де терідегі қара дақтардың себепкері бола алады.
Бұдан бөлек, адам денсаулығының сыр беруі де қалыс қалмайды. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, ағзадағы эндокриндік сырқаттардың әсерінен көрініс табады екен.
КЛИМАКС кезеңінде...
Зерттеулерге сәйкес, мұндай жағдай әдетте 40 жастан асқан, климакс кезеңінде жүрген әйелдерде жиірек ұшырасады екен. Мамандар мұны климакс кезеңінде әйелдердің организмінде орны алып жатқан кейбір өзгерістер, менопаузамен байланыстырады.
Бұл кезеңнің белгілері гармондардың жұмысының бұзылуы, көңіл-күйдің құбылмалы болуы, әлсіздік, мінез-құлықтың да айтарлықтай кері әсері болмай қоймайды.
Сонымен қатар, тек қана әйелдерде емес, ер адамдарда да, балалар мен жасөспірімдерде де кездесіп тұрады тізе мен шынтақтың «кірі». Бұл да ағзадағы паразиттердің көбеюінен пайда болатын құбылыс. Ішектегі қалдықтар қаншалықты көп болса, токсиндердің ішекке сіңуі де арта береді. Ішектің таза болмауы нәтижесінде теріде проблемалар пайда болады.
Тағы бір себебі - іш қату
Жасы ұлғайған қарт кісілерде тірек-буын үсті терісінің қара дақ болуы жылдар бойы іш қату мәселесінің шешімі табылмағандығының нәтижесінде пайда болады. Іш қату - теріде пайда болған түрлі проблемаларға тікелей себепкер. Себебі, тік ішек арқылы сыртқа шықпаған артық қалдық міндетті түрде тері арқылы шығады.
Ішекті тазарту денсаулықтың кепілі, терінің саулығына да жауапты. Ішекті тазарту арқылы біз тізе мен шынтақтағы айрықша көзге түсіп тұратын қатты тері, қарайған дақтан да құтыла аламыз.
Өлі жасушалардың топтасуынан пайда болады
Әрине, тері тектен-текке қараймайды, ол терідегі өлі жасушалардың топталуынан пайда болады.
АҒАРТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Теңіз тұзы мен картопкөмекке келеді
Көзге оғаш көрінетін тізе мен шынтақтың қара дағын кетіру үшін теңіз тұзы сізге көмекке келеді. Теңіз тұзын қолданбас бұрын қол мен аяқты жуып алыңыз. Теңіз тұзымен айналдыра массаж жасай отырып, қатқан тері бөлігіндегі өлі теріні түсіріп тастауға болады. Одан кейін нәрлендіретін крем жағыңыз.
Қол мен аяқ буындарының тізе мен шынтақ бөлігіндегі қарайған тұстарындағы өлі теріні тазартып алу үшін арнайы скраб пайдалансаңыз да болады. Соңынан картопты үккіштен өткізіп, суын көрсетілген аймаққа жағып шығыңыз.
Куркума, бал, сүт, лимон және картоп
Бір апта бойы күн сайын таңертең аш қарынға 1 стакан ыстық сүтке 1 шәй қасық бал мен 1 шәй қасық куркума қосып, араластырып ішіңіз. Бұл тек қана тізе мен шынтақтың қара дағын ғана емес, бүкіл терінің тазаруына айтарлықтай көмек бере алады.
Кешкісін, ұйқыға жатар алдын терінің қарайған тұстарына картоптың жұқалап кесілген тіліктерін қойып, үстінен полиэтилен қағазын орап қойсаңыз және таңертең жылы сумен жуып тастасаңыз, тері қабаты жұмсарып, бірте-бірте өздігінен жойылып кетеді.
Сонымен қатар, үй жағдайындағы қолжетімді әдістердің бірі лимонның көмегіне жүгіну. Ол үшін кешқұрым қарайған тұстарды лимон сөліне малынған дәкемен ысқылап, сүртіп шығыңыз. Бұл әдісті де бірнеше күн бойы арасын үзбей, күніне бір рет қолданыңыз.
Бір аптадан соң, нәтижені анық байқайсыз. Тізе мен шынтақ бөлігіндегі қарайған тұстардың ағарып келе жатқаны көзіңізге қуаныш сыйлайды.
Қауын жеу керек
Ұзақ уақыт бойы қатталып жиналған қара дақты кетіру үшін ұйқыға жатар алдында тізе мен шынтақ үстіне қой немесе сиырдың іш майына батырылған мақтаны қойып, сыртынан целлофонмен орап қойыңыз. Таңертең жылы сумен жуып тастаңыз.
Бір апта бойы таңертең және кешкісін аш қарынға 2-3 тілік қауын жесеңіз нәтижесі айқын көрінеді. Бұл әдіс ішектегі артық заттарды шығарып, босатады.
Егер ішкі құрылысыңызда ешқандай мәселе болмаса, сыртқы тері қабатына кәдімгі дәріханада сатылатын глицерин немесе кез-келген жұмсартушы крем жағып қойсаңыз жеткілікті.
Лавр жапырағы ең арзан әрі тиімді көмек
5 дана лавр жапырағын жарты (0,5л) литр суға салып 1 стакан мөлшеріндей су қалғанша қайнатыңыз. Дайын болған сусынды күні бойы 1-2 ұрттап ішіп тауысыңыз.
Егер жоғарыда көрсетілген амалдарды қолдансаңыз, сұлулығыңызға нұқсан келтіріп тұрған қара дақтан, сымбатыңызға сын келтіріп тұрған өлі терілерден арыласыз.
(Суреттер ашық дереккөзден алынды)
Г. Жұмаділдаева,
Тағы оқыңыз:
БЕТ ТЕРІСІ салбырап кетпес үшін ҚЫТАЙ МАСКАСЫН жасау қажет