Ал бойы қысқалар МЫНА бұйымдардан аулақ болғаны жөн...
Әйел затын әртүрлі әсемдік бұйымдарынсыз, яғни, әшекейсіз елестету мүмкін емес. Мүмкін, бірақ, өте қиын. Әйел дегенде әсем бейне көз алдымызға келгенде, оның сырғасы, жүзігі мен сақинасы, алқасы, басқа да әшекейлерімен «көре аламыз».
Сол себепті, әшекей бұйымдары дүкендеріне кіргенде жалт-жұлт етіп көзімізді арбайтын бұйымдардан көзімізді үзе алмай, әрең шығамыз.
Бірақ, солардың арасынан өзімізге лайықты, жасымыз бен бойымызға сәйкес келетін әшекей бұйымын сатып алуда біраз қиналамыз. Яғни, таңдау жағынан келгенде біраз ойланамыз. Өйткені, кейбір кездері бағасы жағынан қымбат, сапалы бұйым болғанымен, ол басқаға жарасып тұрғандай болып, сіздің бойыңызға қонымды болмауы мүмкін. сондықтан, осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін сізге бірқатар кеңес бере кеткенді жөн санап отырмыз.
Жас ерекшелігіңізге де рөл ойнайды
Жасыңыз қаншалықты кіші болса, соншалықты аз әшекей тағуға тырысыңыз. Ең бастысы, таңдаған әшекей бұйымыңыздың бағасы қымбат болмасын. Жас қыздарға жарқын түсті, бірден көзге түсетін бижутерия немесе күміс бұйымдары жарасады.
Ал, алтын бұйымдарын жасы үлкен әйелдерге, жас келіншек болса, шағындау, орта жастан асқандарға көлемі де үлкендеу әшекейлер ұсынылады.
Дене бітіміңізді де есепке алыңыз
Әшекейді де дене тұрқыңызға қарап таңдаңыз дегенді бұрын да естіген боларсыз? Бойы қысқалау және артық салмағы жоқ, ашаң бойлы қыз-келіншектерге көлемді әшекей бұйымдары дұрыс келмейді. Сондай-ақ, толықтау, шымыр денелі қыздарға ұсақ көздері бар, жіңішке әшекей тақпауға кеңес береміз. Өйткені, мұндай әшекей көрінбегенімен қоймай, көзге ерсі көрінеді.
Кемшіліктерді жасыруға болады
Әрине, сәндік үшін тағылатын әшекей бұйымдары тек қана әсемдік сыйлап қана қоймайды, оның дұрыс таңдалмаған жағдайда сізді сайқымазаққа айналдырып жіберетінін де ұмытпаңыз. Мысалы, қысқа әрі томпиған саусаққа үлкен көзі бар немесе көлемді жүзік тағуға қызықпаңыз. Өйткені, мұндай жүзік саусағыңызды одан әрі толықтырып, қысқартып көрсетеді. Сондай-ақ, жуан әрі қысқа мойынға да жіңішке әрі нәзік алқаның ұзындауын таңдағаныңыз жөн.
«ҮШТІК» қағидасы
Өзіңізді «күлкілі» етіп көрсетуден аулақ болыңыз. Жаңа жылдық шыршаға ұқсатып, бірден барлық әшекейіңізді тағып алмаңыз.
Әшекей тағудың осы «үштік» қағидасы бүгінде өз күшін жойған да шығар, бірақ, бірден көзге түсе бермейтін әшекей бұйымдарын бесеуге дейін көбейтуіңіз мүмкін. Дегенмен, көлемді әшекейді тағатын кезіңізде шамадан аспағаныңыз жөн.
Талғамыңызға сай
Егер сіз ашық түсті киінгенді ұнататын болсаңыз, әшекей бұйымдарыңызды да осындай жарқын түсті етіп алуға назар салыңыз. Қарапайым және мейлінше табиғи талшықтардан жасалған киімдерге әуес болсаңыз, көзге бірден түспейтін, көлемі де кішілеу әшекейлер жақсы үйлесім табады.
Күнделікті жұмысқа көпшіліктің назары бірден аумайтын бір немесе екі әшекеймен шектелгеніңіз орынды.
Тағы да бірнеше қағидалар:
* Әшекей бұйымы қаншалықты көлемді, жарқын және бағалы болса, киім де соншалықты ықшам болғаны абзал.
* Көз тартатын, жылтыраған әшекейді сөмке, қол орамал, белдікпен үйлестіруге болады.
* Ешқашан қымбат киіммен бірге арзан бағадағы әшекейлерді тағушы болмаңыз! Сондай-ақ, мұның кереғарын да жасамаңыз.
* Жаздық аксессуарларды қыстық киім-кешекпен немесе керісінше, қыста тағылатын әшекейді жаздық көйлектермен бірге кимеңіз!
Г. Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз:
ЕРТЕ ҚАРТАЙЫП КЕТПЕУ үшін МЫНА кеңестерді орындау қажет