Мұндай етік кез келген киіммен үйлеспесе не істеу керек?
2020-2021 жылдарға арналған қысқы аяқ киімдердің «дөрекі», «қатал» көрінетін, ерлер стиліне ұқсас, табаны да «өрескел», «трактор табаны» секілді түрлері сәнде.
Мұндай аяқ киімдер өте ыңғайлы, қалың қарда да, тіпті көктайғақ мұзда да табанындағы қалың іздер (кедір-бұдыр) сіздің тайып кетпеуіңізге мүмкіндік береді.
Бірақ мұндай етіктерді кез-келген киіммен үйлестіріп кию көп жағдайда мүмкін бола бермейтіні де рас.
Сондықтан, мұндай аяқ киімдерді гардеробыңыздағы қай киіммен үйлестіруге болатынын білгеніңіз артықтық етпейді.
ЛЕГГИНС немесе тығыз ДЖИНСЫ
Тығыз джинсы аяғыңызға жабысып тұратын, леггинс тәрізді шалбар. Трактор табан етікке керемет үйлеседі. Аяғыңыз ұзын әрі жіңішке болса, тіпті керемет. Мұндай аяқ киім шырайыңызды аша түспек.
Есіңізден шығармаңыз, леггинстің, тығыз джинсы шалбарының үстіне ұзын жемпір кию қажеттігін білетін боларсыз.
Шалбар
Классикалық шалбар да мұндай етікпен үйлесім таба алады. Тек қана шалбардың тым кең болмауын қадағалаңыз. Әсіресе балағы кең болмауы тиіс.
Кез-келген көйлек
Бірақ тым қатаң, қалың болмауы тиіс. Сонымен қатар, бұл етік болғандықтан, тым жұқа маталардан тігілген көйлектер де үйлеспейді.
Белдемше
Белдемшенің классикалық, қарындаш түрі мұндай етікпен сәйкес келмейді. Сондықтан, белдемше таңдағанда да абай болыңыз.
Пальто
Егер сіз сырт киімнің қай түрі мұндай етікпен сәйкес келетінін білмесеңіз, ең дұрысы-пальто. Өйткені, пальто кез-келген киіммен үйлесе түседі. Леггинс, джинсы, классикалық шалбар, белдемше барлығымен де үйлестіруге болады.
Пальтоңыздың ұзындығын өзіңіз таңдайсыз. Қандай ұзындықта болса да, қалауыңыздан бас тарпаңыз, кез-келген ұзындықтағы пальто «трактор табан» етікпен керемет үйлеседі.
Жемпір+джинсы
Көлемді, оверсайз стиліндегі жемпір мен тар джинсы шалбар мұндай етікпен тамаша жарасым табады. Ерекшеленгің келсе, түстердің де үйлесімін тауып алыңыз.
Кэжуал (кездейсоқ стиль)
Кездейсоқ стиль - бұл ыңғайлы және практикалық стиль, ол трактор табанындағы аяқ киіммен тікелей байланысты, өйткені ол ыңғайлы және практикалық және кездейсоқ киіммен үйлеседі. Сондықтан сіз кездейсоқ стильді немесе көше стилін қауіпсіз таңдай аласыз, трактор табанына етік киіп, өзіңізді керемет сезінесіз.
Гранж (көше стилі)
Гранж киімде қаталдық, дөрекілік айқын көрінеді. Бұл стиль- етікке арналған трактор табаны. Сондай-ақ, гранжға мыналар жатады: бос көйлектер, жыртылған джинсы, шынжырлар, рокерлік параферналия, белгішелер.
Егер сіз батыл және дөрекі көрінуден қорықпасаңыз, онда бұл стиль сізге арналған.
Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,
Тағы оқыңыз:
Мойындағы «ВЕНЕРА сақинасын» кетіруге БОЛАДЫ