ТҮНДЕ БҰЛАЙ ЖАСАМАҢЫЗ! Әйелдердің 5 қателігі

0
2 576

«Артық қыламын деп, тыртық қылған» әрекеттер ішінде әйелдердің ең жиі қайталайтыны мыналар...


ТҮНДЕ БҰЛАЙ ЖАСАМАҢЫЗ! Әйелдердің 5 қателігі

Бет терісінің жастығын, сұлулығын сақтау үшін күтім керегі белгілі. Алайда, дұрыс күтім ережелерін білмегендіктен, қателіктерге жол беріп жатамыз.

«Артық қыламын деп, тыртық қылған» әрекеттер ішінде әйелдердің ең жиі қайталайтыны мыналар.


Теріні күнделікті тазаламау, макияжбен ұйықтау

Макияжбен ұйықтап қалу – бұл бет терісі үшін ең зиянды әдет. Акне, аллергия, ісік, тітіркенудің негізгі себептерінің бірі. Тері саңылауларының кеңеюі мен ерте қартаю да осыдан болады. Өз жүзіңізден мұның бір де бірін көргіңіз келмейтіні белгілі. Ендеше, түнге қарай теріні мұқият тазалау арқылы төтеп беріңіз.


Күндізгі және түнгі кремдерді өз уақытымен қолданбау

Көпшілік крем сыртында күндізгі не түнгі екені көрсетіліп тұрады. Әйтсе де, оған құлақ аспай, таңда да, кеште де екеуінің бірін ғана қолданатындар жетерлік. Асылында, күндізгі крем құрамында күннен, қоршаған орта зияндарынан қорғайтын, рең беретін бөлшектер болады. Олардың түнгі күтімге титтей де пайдасы жоқ. Керісінше, зиян. Түнде терінің тыныс алуына, қалпына келуіне кедергі жасайды. Сол сияқты, түнгі кремді таңертең жаққанмен, ол күндізгі кремнің қорғанысын бере алмайды.


Кешкі күтімді тым кеш жасау

«Түнгі крем» деп аталғанымен, оны кешкісін жаққан жөн дейді дерматологтар. Тері жасушаларының түнде жаңғырып-жасаруына сапалы ұйқы ғана керек. Ал, күтім құралдары ұйқыға кеткенге дейін әсер етіп үлгеруге тиіс. Сондықтан, кешкі күтім дәл ұйқыға жатар алдында емес, бір сағат бұрын жасалғаны дұрыс.


Мөлшердің көп болуы

Түнге қарай артығымен жағылған крем таңда терінің ісінуіне себеп болады. Сондықтан, молынан жағу міндетті емес. Тіпті, 10-15 минуттан соң қағаз майлықты бетке баса отырып, сіңбей қалған кремді сүртіп алу да артық болмайды.


Ұйқы сапасына мән бермеу

Егер ұйықтайтын бөлме ауасы тар, ыстық, суық болсап, мұндай жайсыздықтар ұйқы сапасын нашарлатады. Сәйкесінше, бұдан тері де стресс алады. Түні бойы жүруге тиіс терінің қалпына келу процесі жүзеге аспайды. Ашық терезеден самал желдің соғуы, желдеткіштің қосылып тұруы, жастықтың жайсыз болуы, кеш ұйықтау да осыған алып келеді. Сондықтан, бет терісі жас әрі әдемі қалпын ұзақ сақтасын десеңіз, ұйқының тыныш та сапалы, уақытылы болуына жағдай жасаңыз.

Аударған: Ару Мұхамеджан,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Босанған соң корсет киген дұрыс па?