СЫРАны ішкенше, оны тырнақ күтіміне пайдаланыңыз!
Қыз-келіншектердің мінсіз сұлу болуы тырнағынан да көрініп тұруы тиіс. Өйткені, күтім көрмеген тырнақтың өзі сіздің бар сұлулығыңызды жоққа шығара салуы да ғажап емес.
Тырнақтың тек қана сыртқы көрінісі, орналасуы, ұзын-қысқалығы ғана емес, оның саулығына да аса мән беру қажет.
Ағзаның кейбір мүшелерінің жұмысы бұзылғандығын да тырнақ арқылы анықтауға болады. Кей дәрумендердің тапшылығы да тырнақтың «бетіне» шығып тұрады.
Бүгін біз тырнақтағы пайда болған ақ және сары дақтар кейде күлгін түстердің байқалуы ағзаңыздың дабыл қағуы деп біліңіз.
Алдымен тырнақ саулығы жайлы ақрапаттармен танысып алыңыз, содан кейін оның әдемі көрініс жайлы емін-еркін сөз қозғауға болады.
Тырнақтағы «түрлі-түсті» ДАҚтар
Тырнақтың түсі, пішіні және оның беті адам ағзасында жетіспейтін нәрсені айта алады.
* Ағзаңызда А, В және Е дәрумендерінің жетіспеушілігі тырнақтың күңгірт түске енуімен көрінеді. Яғни, қан құрамының бұзылуы, гемоглобиннің жетіспеушілігі дәл осындай белгілермен көрінуі мүмкін.
* Тырнақтардың баяу өсуі көбінесе метаболизмнің бұзылуын көрсетеді.
* Денеде кальций мен фосфордың болмауы тырнақтың қалыңдығына әсер етеді. Яғни, ол өте жұқа және өте мөлдір болады.
* Егер адам ағзасында артық темір болса, онда тырнағыңыз тегіс емес, кедір-бұдыр ойықтар пайда болуы мүмкін.
* Көлденең жолақтар асқазан-ішек жолдарының проблемалары туралы айтады.
* Егер тырнақтар тым тез өссе, бұл гормондардың шашырауын тудыруы мүмкін.
Тіс пастасымен де тырнақтағы сары дақтарды кетірес аласыз
Ол үшін сізге тек қана тіс пастасы мен қолданыстан шыққан ескі тіс щеткасы да жарайды.
Пастаны тіс щеткасына жағып, бірнеше минут бойы тырнақтарыңызды ысқылап жуыңыз. Тісіңізді тазалағандай тазалаңыз. Осы процедурадан кейін дақтар жоғалады.
Сабын ерітіндісі және зәйтүн майы
Сабын ваннасымен тырнақтың тазалығын қамтамасыз етсеңіз, зәйтүн майымен тырнақ айналасындағы еттің жұмсаруын және тырнақтың қатаюын, қолыңызды нәзік етудің жолын тапқан боласыз. Бұл процедураның ұзақтығы 20 минут.
Ол үшін алдымен 1 стакан теңіз тұзына сұйық сабын қосылған 1 стакан жылы суды қосып жақсылап араластырыңыз. Қолыңызды осы ваннаға батырып, 5-10 минут отырыңыз. Содан кейін қолыңызды судан шығарып аздап құрғатып алған соң, 0,5 стакан зәйтүн майына қолыңызды салып, 15 минут отырыңыз.
Дәрумендер мен ЙОД+ТҰЗ ваннасы
Әдетте дәрумендер сынғыш тырнақтарға қолданылады. Дәрумендерді ішке қабылдау арқылы тырнақтың саулығын арттырсақ, йод және тұз ваннасымен тырнақты 15 минут булап қатайтуға болады.
Ол үшін 3 ас қасық ас тұзын 1 стакан жылы суға қосып араластырыңыз. Үстінен 1 шай қасық йод қосыңыз.
Егер ас тұзының орнына теңіз тұзын салатын болсаңыз, тырнақты қатайтып қана қоймай, тырнақ айналасындағы етті (кутикула) жұмсартып, ылғалдандырады, қолыңызды нәзік етеді. Эфир майларын ұнататын болсаңыз, осы қоспаға бірнеше тамшысын тамызып жіберсеңіз де болады.
Тырнағыңыз САРҒАЙЫП КЕТСЕ...
Түймедақ (ромашка) пен сыра және лимон шырынының қосындысы тырнақтың мәселесін шешіп береді. Қол терісі қатайып, тырнақтарыңыз сарғайып кетсе осы үшеуінің қоспасына қолыңызды салып, 15 минут ұстаңыз.
Құрамы: 1 стакан жылы сыра, 1 ас қасық түймедақ гүлдері және бірнеше тамшы лимон шырыны.
Сонымен қатар, 0,5 стакан кез келген өсімдік майына аздаған лимон шырынын қосып, осы қоспаға қолыңызды батырып отырсаңыз да керемет нәтижеге жетесіз.
Тиімділігі өте жоғары БҰРЫШ пен ЙОД
Бұрыш қоспасы сынғыш тырнақтармен күресу үшін қолданылады. Оның тиімділігі өте жоғары. 5-10 минутқа қолыңызға жағыңыз. Дайындау тәсілі: 1 шай қасық кез келген қолға арналған крем, 1 шай қасық бұрыш.
Немесе жай ғана йодтың өзін күнделікті жатар алдында тырнақтарыңызға жағып жатсаңыз, тырнақты нығайтады.
Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,
Тағы оқыңыз:
КІРПІК «сынып», жұқарып жатыр ма? Қалпына келтіруге 5-10 минут жетеді