​ҰЛУ арқылы СҰЛУ болу шындық па әлде аңыз ба?

0
5 391

МҰНЫ білетін бе едіңіз?


​ҰЛУ арқылы СҰЛУ болу шындық па әлде аңыз ба?

Ұлу процедурасы аруларымызға жаңалық емес шығар. Дегенмен, шалғай ауылдарда тұратын немесе қаланың өзінде де бірде бір рет ұлу терапеясын естіген болса да, қолданып, қабылдап көрмеген қыз-келіншектер көп.

Сондықтан, ұлу туралы аздаған мағлұмат беріп, қиын санап жүрген бұл емдік-сауықтыру шарасының әрбір қыз-келіншек үшін қолжетімді және аса қиын шаруа еместігін ұқса дейміз.

Ұлу шырышының құрамында коллаген, гликоль қышқылы, табиғи антибиотиктер мен дәрумендер бар. Олар беттің әрін келтіріп, әжімді кетіреді. Денеге түскен тыртықтарды, безеу мен жараның орындарын және қара дақтарды кетіреді.

Күйген теріні де қалыпқа келтіріп, емдей алады.

Сонымен қатар, жүйке жүйесін де тыныштандырып, күйзелістен арылтатын қасиеті де бар.


Ең бастысы, ұлу терапиясы аллергия туғызбайды. Кез-келген тері түріне процедураны қолдануға болады.

Ұлу терапиясын жарты сағат жүргіземіз. Мұны үй жағдайында да өз қолыңызбен жасауға немесе арнайы орталықтарға барып жасатсаңыз болады. Ұлу бетіңізге «массаж» жасап, нәтижесін тек төртінші күні ғана бере бастайды.

Ал толық нәтиже көру үшін бұл процедураға қатарынан он күніңізді арнауыңыз керек.

Ендігі мәселе бет терісінің сұлулығы үшін кез келген ұлу жарамайтыны да белгілі. Ол «Ахатин» деп аталатын, негізінен Африка құрлығын мекендейтін ұлулар.

Мұны бетіңізге орналастырмас бұрын ұлудың және теріңіздің тазалығына мән беріңіз.

Ұлуды үйде өсіру үшін салат жапырағы, ақжелкен, аскөк, қияр, кәді (кабачки), алма, банан, жүзім, асқабақ, сәбіз, қырыққабат секілді жеміс-жидектердің бірімен күніне бір рет қоректендіріп тұрсаңыз жеткілікті.

Оны міндетті түрде жуындырып тұру керек. Ұлу сіздің теріңізге күтім жасаса, сіз де ұлуға күтім жасап, оны бағуыңыз керек. Екі күнде бір рет бөлме температурасындағы суға жуындырып аласыз және оның «үйшігін» тазалаңыз.

Пластикалық контейнерден жасасаңыз болады үйшігін. Қақпағын шағын тесіктермен тесіп қойыңыз, ауа айналуы үшін. Күн сайын жаңа тамақ салып тұрыңыз, көгерген тамақ қалдырмаңыз және күн сайын кешке тамақтандырған дұрыс.

Тропикалық ұлулардың жайлы өмір сүруі үшін топырақты күн сайын жылы, отырғызылған сумен суару керек. Ылғалдылық деңгейін 60-70% сақтау үшін. Бірақ топырақты балшыққа айналдырмаңыз. Ахатинаны қолыңызға салмас бұрын, алақандарыңыздың таза және ылғалды екеніне көз жеткізіңіз. Ұлуды қабыршағынан емес, табанынан алуға тырысыңыз және күшпен тартып алуға болмайды. Мейлінше ақырын, нәзік қимылдаңыз.


(Суреттер ашық дереккөзден алынды)

Ал ұлудың қатты қабыршағы үшін кальций қажет. Кальций үшін жұмыртқаның қабығын талқандап беріп тұрыңыз.

Тікелей күн сәулесі түсетін жерден алыстау, бірақ жарық бөлмеде ұстаңыз. Ұлуға беретін тамағыңызды міндетті түрде жуып, тазартып, сосын ұлулардың ол тамақты жеуіне ыңғайлы етіп турап қойыңыз.

Оларға шабдалы беруге болмайды және шпинатты да абайлап беріңіз, көп мөлшерде берсеңіз, кальцидің сіңуін төмендетеді.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Шашыңыз «ҚАРТАЙЫП» кетпесін десеңіз


БЕТПЕРДЕ таққанда БОЯНУ ҚАУІПТІ ме?