ЖАРАМСЫЗ киімді КӘДЕГЕ жаратуды білесіз бе?

0
2 945

Гардеробыңызда кигіңіз келмейтін немесе киюге жарамсыз киімдерді мүлдем өзгеше сәнге айналдыруға болады.


ЖАРАМСЫЗ киімді КӘДЕГЕ жаратуды білесіз бе?

суреттер: ашық дереккөзден

Сәннен қалмай киіну - заман талабы. Ал, заманына қарай адамдары да өзгешелікке ұмтылары сөзсіз. Соңғы үлгімен киім алсаңыз, келесі маусымға жарамай жататыны тағы бар. Мұндай заттар көпшілігінің гардеробынан табылады. Алайда, сіз оларды қоқысқа тастауға асықпаңыз. Оның шешімі қиын емес дейді, сәнгерлер. Әрі кеткен, жыртылған, симай қалған киімдеріңізді да адам танымастай етіп өзгертуге болады. Олай болса сізден ынта болса, бізден кеңес болсын!

Көпшілігімізде кездесетін жаздық жеңіл жейделер. Мойны созылған болса қайырылған жиегін қайшымен бірдей етіп кесіп тастаңыз. Дәл солай жеңі мен етегін жасасаңыз болады. Тек, қырқылған жерін екі жаққа созып қойсаңыз, сонда ғана сәні кіреді.


Егер сіздің киіміңізге дақ түссе немесе жыртылап қалса, оның да шешімі бар. Футболкаңызды тегістеп жайып, сызғышпен арасын 1,5 см етіп көлденең жолақтар жасап алыңыз. Содан соң оны бір-бірлеп қырқып шығасыз. Ал ішкі жағынан кез-келген матаны (көлеміне қарай) жанындағы екі тігістің үстінен тігіп шығыңыз. Оң жағынан қарасаңыз, мүлдем басқа киім болып шыға келеді.


Біле білсеңіз, ерлердің жейделерінен де өте сәнді дүниелерді жасауға болады екен. Әкеңізден, ағаңыздан қалған жейдені пайдаға жаратыңыз. Ең үстіңгі түймесін басқаға ауыстырсаңыз, ерекше көрінеді. Жеңін шынтаққа дейін жалпақтығы 10-15 см етіп қайырып қойыңыз. Қаласаңыз ұзын жеңмен де болады. Тек, түймесін өз білегіңізге шақтап алыңыз. Ал, жейденің жағасына түсіне сай келетін тор жиектеме жабыстырыңыз. Қалтасын да солай жасап қосаңыз болады. Дайын болған жейдені джинсы шалбармен кисеңіз өте сәнді көрінеді.

Ерлер жейдесінің ерекше сәні - тор матамен үйлесімділігінде. Өзіңіз дұрыс деп тапқан жерін кесіп тастап, ішкі жағынан тор тігіп шықсаңыз, соңғы үлгідегі сән үлгісінен кем түспейтін жейде сізде де болады.

Кез-келген ортада бір киіміңізді қайта-қайта кигеніңіз ыңғайсыздық туғызып жатса, ойланбастан кеңестерге жүгініңіз. Нақты мақсат қойып, ынтаңыз бен ықыласыңызды аударсаңыз болғаны.

Келесі лайфхак - белдемшені әдемі көйлекке айналдыру. Әр нәзік жандының гардеробында етегі ұзынырақ келетін белдемше болары анық. Оны жасауда аса көп қиындықтың қажеті жоқ. Қиялыңызға ерік беріп көріңіз.

Белдемшенің берлін иыққа туралап бекітіп, киіп-шешуіңізге ыңғайлып қол сұққыш жасайсыз. Өте сәнді әрі ыңғайлы.

Узақ уақыт бойы киіп мезі болған шалбарларыңызды да жаңа үлгіге айналдыруға болды. Шалбарыңыздың ішкі жағынан тігісін сөгіп, ауындағы артық бөлігін тегіс етіп қырқып тастаңыз. Содан кейін біркелкі етіп жайып үйлесімділігіне қарай кез келген мата немесе торды бекітіп қойсаңыз болады.

Сән әлемінің қыры мен сыры таусылмасы анық. Жаны нәзік, болмысы бөлек арулардың кез-келген ортада құлпырып жүруі құба-құп. Сондықтан-да, кигіңіз келмейтін гардеробыңыздағы киімдеріңіздің стилін басқа бағытқа өзгертіңіз. Сән әлемінен қалмай талғампаз болу - дәл қазіргі қоғамның басты қағидасы.

Дайындаған Г.Әмірәлі

ERNUR.KZ