Жазда бетті МИНЕРАЛДЫ СУМЕН тазартқан дұрыс

0
4 838

Жаз мезгілінде теріңіздің қалыпты болуын қалайсыз ба?


Жазда бетті МИНЕРАЛДЫ СУМЕН тазартқан дұрыс

фото: ашық дереккөзден

Қыстың қамын жазда ойлап, азық-түлікті қамдап жатамыз. Ал, қыс өтіп, жаз жақындады дегенше ажарыңыздың әдемілігін қолға алып, сұлулығыңыздың сырына мән бергеніңіз жөн. Күннің суығы теріңізді ылғалдандырып, әсерінен зат алмасу процесінің жұмысы жақсара түседі. Керісінше, ыстық ауа мен күннің сәулесі теріңізден түбіне еніп, тереңінен зақымдайтынынан хабарыңыз бар да шығар. Әріге барғызбас үшін, алдын алу керек-ақ. Ыстық күнде теріңізді қалай күтуге болатындығы жайында мамандар кеңесін назарларыңызға ұсынамыз.

Ресейлік білікті косметолог Юлианна Вивечева жаз мезгілі жақындап, күннің көзі ыстыққа ұласқаннан бастап үй жағдайындағы теріге қажетті дәрумендерді өте көп пайдаланғанды кеңес етеді. Мәселен, кәдімгі қияр, ақжелкен шөптері, ламинарин теңіз балдыры тағы да басқа шөптер. Себебі, күн сәулесінің тікелей түсуі салдарынан, тері жасушалары өле бастайды. Ал, жоғарыдағы аталған көкөністер жойылған кем-кетіктің орынын толтырып тұрады.


Салқын су – ыстық күнде негізгі көмекші

Картинки по запросу прохладный вода для умывания лицо

Бет терісі мен денеңіздегі кейбір нәзік терілерді жылдың қай маусымында болмасын ыстық сумен жумағаныңыз жөн. Салқын су, теріңізге жұмсақ тиеді, ал шіліңгір шілдеде салқындықтың температурасын қоса түскеніңіз абзал.


Бал қосылған масканы азайтыңыз

Картинки по запросу маска с медом

Бал – суықты алатын қасиетке ие. Яғни, ыстық күндері теріңізге балды мейлінше аз жақындатыңыз. Оның орнына куркума ұнтағын немесе сұлы жармасымен жасалған маскаға алмастырыңыз. Балды масканы көбіне қыстың қақаған суықты күндерінде жасаған дұрыс деп есептейді мамандар.


Күннің ультакүлгін сәулесімен тікелей күресе алатын теңіз өнімдері.

Картинки по запросу маска с ламинарией для лица

Теңіз өнімдері тері жасушаларын қалпына келтіріп қана қоймай, ылғалдылықты арттырып, тегістік сыйлайды. Ламинарин балдыры деп аталатын қарапайым дәріханада сатылатын шөпті тазартылған сумен араластырып, бетіңізге жаққан соң 30 минуттан аса уақытқа қалдырыңыз. Артынан салқын сумен шайып тастаңыз. Дәл осы әдіске теңіз балшығын қоссаңыз әсері тіпті керемет болады.

Құрамы: су, теңіз балдыры және теңіз балшығы. Қоймалжың болғанша араластырып, бетіңізге 20 минуттай қалдырып, таза сумен жуып тастаңыз.


Жоғарыда аталған кеңестер қосымша негіздер болып табылады. Ал енді күнделікті тері күтіміне зер салайық.


Сұлулықтың құпиясы – тазалықта

Похожее изображение

Бет күтімінің ең негізгісі – тазалау. Күнделікті таңертең мен кешкі мезгілде арнайы минералды сумен бетті сүртіп тұру міндетті. Ал, шілденің кезінде екі рет тазалау аз. Себебі аптап ыстық бетіңіздегі қажет емес дүниелерді, тез сіңдіріп жібереді. Мейілінше, көбірек тазарту процесін жасап тұрыңыз.


Күндізгі крем мен макияж

Похожее изображение

Жаз маусымында бетіңізге аз бояу жаққаныңыз дұрыс. Құрамында арнайы күннен корғайтын заты бар тональды крем немесе тек күннен қорғайтын SPF жақсаңыз жеткілікті. Ал күнделікті күндізгі кремнің құамында С және Д дәрумендерінің бар екендігіне көз жеткізіңіз. Олар сіздің теріден кеткен жасушалардың қалпын сақтап тұрады.


Жазда нені мүлдем қолдануға болмайды?

Картинки по запросу процедура с ретинолом

Жаз мезгілінде қышқылдар мен ретинолды қолдануға болмайды. Себебі, бұл аталған заттардың күн сәуесімен реакцияға түсу қаупі бар. Ал, қолданбасқа амал жоқ болса, тек кешкі мезгілде ғана мүмкіндік бар. Немесе, арнайы қышқылдармен болған процедуралардан кейін, күштілігі ең жоғары деп саналатын SPF кремін қолданыңыз.

Сәніңіз бен сұлулығыңыз жараса кеткенін қаласаңыз, әр ескертуге жіті мән беріңіз. Күтім бар жерде сұлулықтың да жүретінін ұмытпағаныңыз абзал.

ERNUR.KZ

Дайындаған: Г.Әмірәлі

Тағы оқыңыз:

ЫСТЫҚ КҮНДЕ макияжыңыз "АҒЫП" кетпеуі үшін не істеу керек?

Жазда КҮНГЕ КҮЙГЕН бет терісін қияр мен ақжелкен АҒАРТАДЫ