Бір МИНУТТА не істеуге, қандай іске ҮЛГЕРУГЕ болады?

0
6 185

Жанымыз қысылған қысылтаяң шақта ғана емес, әрдайым айтып жүруге тиіс сөздерді білесіз бе?


Бір МИНУТТА не істеуге, қандай іске ҮЛГЕРУГЕ болады?

Бүгінгі күніңіз сіз үшін ауыр өтуде деп есептейтін сәттеріңіз болып тұра ма? Меніңше, мұндай жағдай кез-келген адамның басынан өтуі қалыпты құбылыс.

Дегенмен, бұлт артына жасырынған күннің көзі бүгін сізге жылуын төкпесе де шыдамды болғаныңыз абзал. Өйткені, өмір ақ пен қарадан тұратынын жақсы білесіз ғой?!

Осындай мазасыз сәттеріңізде алдымен кімнен көмек сұрайсыз? Алдымен есіңізге түсетіні, ойыңызға оралып, күбірлеп атын атайтын құдіретіміз, пана тілейтініміз, жәрдем күтетініміз - АЛЛА.



Жанымыз қысылған қысылтаяң шақта ғана емес, әрдайым айтып жүруге тиіс сөздерді білесіз бе?

Оның өзінде де ол сөздер көп уақытыңызды алмайды. Небәрі бір минуттың өзінде қаншама сауап жинауға, ең маңызды деген істерді атқаруға мүмкіндік мол екендігін біліп жүргеніңіз абзал!

Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.с. «Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә лә иләһа иллаллаһу уә Аллаһу Әкбар» деуім, мен үшін күн шыққаннан да жақсырақ» дейді.

Бір минуттың ішінде бұл сөздерді 18 рет айтуға болады. Бұл сөздер Алланың барлық сөздерден артық көретін ұнамды сөздері. Хадис шәрифтерде келтірілген дәлелдер бойынша, ең үстем тасбих болып саналады. Тілге жеңіл, таразыда ауыр басатын ең жақсы амалдардың бірі.



Бір минут ішінде «Субханаллаһи уә бихамдиһи» (Алла (кемшілік атаулыдан) пәк және Ол барлық мақтауларға лайық) сөзін 100 рет қайталап айтуыға мүмкіндігіңіз мол. «Субханаллаһ» деп айтқан адам Ухудтан да үлкен сауапқа қауышады. «Лә илаһа иллаллаһ» және «Аллаһу әкбар» деп айту да осындай.

Осы айтылған сөздерді, яғни, кәлиманы күні бойы айтып жүрген адамның кіші күнәлары теңіздің көбігіндей көп болса да кешірімге лайық.

Бір минут ішінде «Лә хаула уә лә қууата иллә билләһ» сөзін 40 реттен көп айтуға болады. Әл-Бұхари мен Муслим риуаят еткен хадисте осы кәлима жәннаттың қазыналарының бірінен саналады.

Бір минут ішінде «Лә илаһа иллаллаһ» сөзін 50 рет айтуыңыз мүмкін. Бұл кәлима ұлы кәлима, хадистердің бірінде: «Мен және маған дейінгі пайғамбарлар айтқандарының ең қайырлысы «Лә иләһа илләллаһ» кәлимасы» десе (әт-Тирмизи, 3585), басқа хадисте: «Қиямет күні менің шапағатым себепті ең бақытты адам- жүрегінен шын ықыласпен «Лә иләһа илләллаһ» деп айтқан адам»,- деген (әл-Бұхари, 99).

Мағынасы: «Аллаһтан басқа құлшылық жасалуға лайық ешбір құдай жоқ».

«Лә иләһа илләллаһ» сөзі – діннің тірегі, барлық уақыттарда айтылатын зікірлердің абзалы, Пайғамбарымыздың айтқандарының ең қайырлысы. Егер адамның ең соңғы сөзі осы кәлима болса, жәннатқа кіреді.



Бір минут ішінде «СубханаллаҺи уә бихамдиһ ъадада халқихи уә ридә нәфсиһи уәзината аршиһи уә мидаада кәлимаатиһи» деп 15 реттен артық айта аласыз. Бір кәлима үшін Расуллалаһ с.а.с-ның сахих хадистері бойынша, басқа тәсбих пен зікірлерге қарағанда бірнеше есе көп сауапқа кенелесіз.

Бір минут ішінде Алладан медет сұрап, 100 реттен артық «Астағфируллаһ» деуге мүмкіндігіңіз мол. Алладан шапағат тілеп, мейіріміне бөленуіңіз үшін бір минутыңызды да пайдаланып қалыңыз.

Иманыңызды күшейтіп, жәннатқа кіруден үмітіңізді бекемдеп, Алланың мейіріміне бөленуге асығыңыз.

Бір минут ішінде пайғамбарымызға «Саллаллаһу алейһи уәсәллам» деп 50 рет салауат айтып үлгересіз. Сіз айтқан салауаттың қайтарымы ретінде Алла сіздің дәрежеңізді 500 мәрте жоғары етеді. Өйткені, бір рет айтылған салауат сізді он есе жоғары дәрежеге көтереді.

Бір минут ішінде «Ықылас» сүресін 20 рет оқу мүмкін. Білетін болсаңыз, осы сүрені бір рет оқу Құранның үштен бірін оқығанмен тең. Егер бұл сүрені күніне 20 рет қана оқысаңыз, бір ай бойы 600 рет, бір жыл бойы 7200 рет оқи аласыз.


Бір минут ішінде Аллаға шүкіршілік ете аласыз. Одан үміт етіп, Алламен дидарласуға асығуыңызды білдіруіңіз мүмкін. ОНЫ қалаған мезетте есіңізге алып, мадақтап, ұлықтап, шүкір етіп жүріңіз. Ұйқыдан тұрғаныңызда, көшеде кетіп бара жатып та, үйде немесе жұмыста отырғаныңызда да, ұйқыға жатар кезіңізде де.

Ойлап көріңізші, сіз өзіңіздің ең қымбат және қайтарылмайтын бір минуттық уақытыңызды қалай пайдаланып жатырсыз? Оны текке кетірмеңіз, қадіріне жете біліңіз. Бәлкім, сіздің әрбір салауат айтқан БІР МИНУТыңыз жәннат есіктерін ашушы кілт болуы да әбден мүмкін.

Жоғарыда келтірілген дұға-зікірлер бақытқа жетелеуші, өмірді жеңілдетуші және жанға тыныштық сыйлаушы ұлы амалдардың бірі.

Алла баршамызға Оған ұнайтын амалдарды жасауымызды нәсіп етсін!

Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


9 түрлі сөз баланың болмысына кері әсерін тигізеді

Қызға бұлай АЙТПАңыз!