Баланы ЕҢБЕККЕ БАУЛУ үшін қызықтыра алу керек

0
5 552

Ойын-сауық орталықтарына барып, балаларыңызды қуантуға қалтаңыздың көтермеуі де мүмкін. Осындайда балаларды зеріктірмес үшін не істеуге болады?


Баланы ЕҢБЕККЕ БАУЛУ үшін қызықтыра алу керек

Жылдың суық мезгілдерінде далада серуендеу, әсіресе балалармын бірге қолайсыздық тудырады. Сондықтан, көптеген ата-аналар балаларын суықтатып алмау үшін жылы үйден шығармауға тырысады.

Алайда, күні-түні үйден шықпай отыра беру де адамды жалықтыратыны сөзсіз.

Ал, ойын-сауық орталықтарына барып, балаларыңызды қуантуға қалтаңыздың көтермеуі де мүмкін. Осындайда балаларды зеріктірмес үшін не істеуге болады?


Теледидар алдынан тапжылмай отыру да, компьютерде ойын ойнау да өсіп келе жатқан баланың денсаулығына айтарлықтай зардабын тигізеді. Ал, баланы жалықтырмай, өзіңіз де зерікпеуіңіз үшін бос уақытыңызды қызықты етіп өткізуге жағдай жасаңыз.


Үлкендердің аузынан «жаңа заманның балалары бір жерде тыныш отыра алмайды», «түрлі технологияларға өш, оларды таң қалдыру өте қиын» деген сөздердің шығуы да текке емес. Сондықтан, балаңыз үшін пайдалы және болашағына үлес қоса алатын істермен шұғылдануына өз үлесіңізді қосыңыз.

Ең алдымен, кішкентай жастағы балалардың ермегі бояу, сурет салу. Қабырғаны «сурет көрмесіне» айналдырған балапаныңыздың бұл қылығын құптамайтыныңыз анық. Алайда, ол бала ғой, сызуға, бояуға деген қызығушылығын осындайдан байқаған болсаңыз, боямақтар өте көп. Мұны екінің бірі біледі десек те, іс жүзінде пайдаланып жатқан ешкім жоқ.

Ғалымдар бала жасынан сурет салуға машықтану, әуестену баланың жан-жақты қабілеттерін шыңдауына мүмкіндік ашып беретінін айтады.


Сурет салуды ұнатпайтын балалар да болады. Мұндайда не істеу керек?

Мұндай жағдайда баланың қызығушылығын оятып, зейінін ашу үшін кәдуілгі бояулардың орнына түрлі-түсті ұсақ моншақтар немесе ірілі-ұсақты түймелерді алып араластырып тастаңыз.

Сонымен қатар, желім, жылтыр немесе түрлі-түсті лента қиындылары, жиектемелер де жарайды.

Сөйтіп, ақ параққа баланың ұнатқан кескінін салып беріңіз. Мүмкін ол жан-жануарлардың бейнесі болуы әлде гүл, табиғат көріністері қалауынша суретін салыңыз.

Баланың қиялына шектеу қоймай, жаңағы дайындап қойған түрлі-түсті ұсақ бұйымдарды жапсырып шықса, керемет туынды шығады. Баланың да зейін қою қабілетін дамытасыз, өзіңізге де жүйкеңіздің босқа шаршағаны керек емес.


Егер уақытыңыз жеткіліксіз болса, «баланың жанында отыруға көп уақыт таба алмаймын» дейтін болсаңыз баланың өз бетінше қызығушылығын тудыра алмасаңыз не істейсіз?

Отбасымен бірге кешкілік уақыттарда үстел ойындарын ойнауға болады.

Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, нарды, домино ойындары сіздің уақытыңызды қызықты етіп, іш пыстырмайтынына сеніңіз.

Бұл балаңыздың жылдам әрі дұрыс шешім қабылдай алуына көмек береді. Ойынның да баланың дамуына айтарлықтай үлес қосатынын ұмытпағаныңыз абзал.

Ал, қыз балалар үшін тігін өнеріне баулитын ең ыңғайлы кезең осы суық ауа-райы. Өйткені, жылы үйден шықпай-ақ көптеген бұйымдарды, іс тігуді, тоқыма тоқуды үйренуге болады.

Қандай іспен шұғылдансаңыз да балаңызға үйретудің ең қолайлы кездерін тиімді пайдалана біліңіз. Өзіңіз үшін де қат-қабат жұмыстан шаршаған жүйкеңіз бен тәніңізді тынықтырудың сәтті жолын қарастырыңыз!

Атқарған жұмысы үшін балаңызды мақтап қоюды да ұмытпаңыз.

Г. Жұмаділдаева,

ERNUR. KZ


Тағы да оқыңыз:


Күйеуден таяқ жеу: ӘЙЕЛ тілінен таба ма әлде ЕРКЕКТІҢ жүйкесі бұзылған ба?


«Әулетіміздің ӨСЕКШІ ЕРКЕКТЕРІ балама келінімді ұрғызады»