ҚЫЗЫН ӨКПЕЛЕТКЕН ӘКЕ оның болашағына да КЕСІРІН ТИГІЗЕДІ

0
2 567

Бала кездегі реніш қыз баланың болашағын улайды.


ҚЫЗЫН ӨКПЕЛЕТКЕН ӘКЕ оның болашағына да КЕСІРІН ТИГІЗЕДІ

30-дан асқан таныс құрбым өзінің осы уақытқа дейін тұрмысқа шықпай жалғыз жүруін әкесіне деген бала кездегі ренішімен байланыстыратынын айтты. Ол бала күнінде қатал әкенің таяғынан бауырларына араша түсіп бар соққыны өзі алғанын айтады. Бұл соққы тек жанына ғана емес тәніне де үлкен тыртық қалдырған екен. Өз жағдайына ұқсас оқиғаларды көрсе қорқыныш пен бірге еркек атаулыны жек көру, ашу бойын кернеп кететін көрінеді.


Құрбымның жағдайына ұқсас оқиғалар өмірде өте көп екені белгілі. Бала кездегі реніш қыз баланың болашағын улайды. Ренішке не себеп болса да бойжеткен сайын ер-азаматқа деген қарым-қатынасы өзгереді. Мұндай жандар әйел бақытын сезіне алмай қалуы бек мүмкін.


Әкеге деген өкпенің негізгі, өмірде ең көп кездесетін себептері және салдары

  • Қыздың өзіне не анасына сөзбен тиісу, физикалық немесе жыныстық зорлық зомбылық

Мұндай жағдайда өскен қыз баласы тұрмысқа шығудан қорқады. Болашақ жолдасым әкем сияқты болады деген ой мен қорқыныштан арыла алмайды. Ер азаматты өзіне өте сақтықпен жақындатады немесе өмір бойына жалғыз қалғанды дұрыс көреді. Сондай-ақ кектеніп өш алу үшін кез-келген ер азаматпен жүріп, өмірін тозаққа айналдыруға тырысады.


  • Эмоционалды жақындықтың болмауы, салқындық

Мұндай жағдайда өскен қыз өзінің бағалай алмайды. Өзінің сүйікті жар бола алатынын, ер азаматқа ұнап қалатынын білмейді. Әкенің махабатына, жақындығына шөлдеп өскен қыз жылы сөз айтқан, ұнататынын білдірген кез-келген жігіттің құшағына құлай кетуі немесе тұрмысқа шығып кете салуы мүмкін.


  • Еркіндікті шектеу

Кейбір отбасында баланың жасы ескерілмейтін ерекше ереже, шектеулер бар. Сондай-ақ баланың еркін тыныстауына мүмкіндік бермей, шектен тыс өбектейтін ата-аналар да бар. Мұндай отбасында өскен бала тым жақсы қыз болудан шаршап, еркіндікті аңсайды. Шамалы еркіндік болса ондай жандар өзіне тыйым салынған барша нәрсені көруге тырысады. Тіпті шарап ішіп, шылым шегіп те көруі мүмкін.


Не істеуге болады?

Ең бірінші кезекте әкеге деген реніштің бар екенін өз-өзіңе мойындай білу керек.

Екіншіден, кешіре білу. Әрине кешіру қиын, әрі оңай болмасы анық. Бірақ әйел бақытын сезініп, еркін тыныстағыңыз келсе кешіре біліңіз!



Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ