Асыл дінімізде адам өзін-өзі тәрбиелеуде ең басты орында имани тәрбие, оның ішінде адам өзіндегі нәпсіні тежеу, нәпсі тәрбиесі маңызды роль атқарады. Себебі, иман мен исламды біріктіретін, үшінші тәрбие бұл - НӘПСІ тәрбиесі.
фото: vseznaika.org
Асыл дінімізде адам өзін-өзі тәрбиелеуде ең басты орында имани тәрбие, оның ішінде адам өзіндегі нәпсіні тежеу, нәпсі тәрбиесі маңызды роль атқарады.
Себебі, иман мен исламды біріктіретін, үшінші тәрбие бұл - НӘПСІ тәрбиесі.
Иман - бұл сенім. Біз неге, қай нәрсеге сенуіміз қажет. Нәпсіні тәрбиелеу бұл хақ дініміздің бір бөлшегі. Ал ислам бұл сыртқы бағыну, бойсұну, амал ету көріністерімен амалға асатын дүние.
Нәпсі адамның ішкі жан-дүниесін тәрбиелеумен айналысуды талап етеді. Яғни, біз тура жолда жүруді, адамгершілік қағидаларын сақтауды, біреудің ала жібін аттамауды
Жалпы біздің сыртқы құлшылықтарымыз ішкі құлшылықтарымыз орындалмайынша ешқандай пайда бермейді. Ішкі құлшылық дегеніміз, жүректің құлшылығы.
Ішкі күнәлар бар, ол сырт көзге көрінбегенімен, жүректің күнәсі. Бұл атап айтар болсақ, көреалмаушылық, қызғаншақтық, сараңдық, менмендік, тәкаппарлық, ашуланшақтық. Мұның барлығы да жүректің дерттері болып табылады. Біз сол дертпен күресіп, жеңе білсек, нәпсіні тәрбиелеуді де оңай игере аламыз. Сол дерттердің барлығынан арылсақ, жүрегіміз сау-саламат болғанын қаласақ, міндетті түрде нәпсі тәрбиесі қажет екендігін аңғарамыз.
«Адамның денесінде бір кесек ет бар, ол-жүрек. Жүрек түзелсе, дерттерден ада болса дене де түзеледі. Егер ол бұзылса, дене бұзылады» деген хадис-шәрифте пайғамбарымыздың сөзі бар. Яғни, жүрек адамның дене мүшесіндегі ең маңызды, Алланың назары түсетін ағза болып табылады.
Құран Кәрімде айтылады, «бұл дүниедегі мал-мүлік, бала-шаға пайда бермейді, кімде кім сау жүрекпен келетін болса пайда береді» дейді. Яғни, жүрек сау болуы үшін, әлгіндей дерттерден ада болуы керек, мұсылманға жақсылық ойлаған, қанағатшыл болған, Алла-Тағаланың тағдырына шүкіршілікте болған жүрек күнәдан арылған жүрек.
Сол үшін бізге нәпсіні тәрбиелеу ілімі өте қажет. Қазіргі тілмен айтқанда психологтардың өзін-өзі тәрбиелеу, ішкі жан-дүниені байыту, рухани байлықты сезіну дегеніміз осы нәпсі тәрбиесі.
Нәпсіні тәрбиелеу алдымен Алланың әрдайым өзін бақылап тұрғанын есте ұстауды үйрену, өзі де әрдайым Алланы есінде ұстау бұл нәпсіні тәрбиелеудің алғышарттарының бірінде қарастырылады.
Адамдардың көпшілігі иманның шарттарын біледі. Аллаға сенеді, бес уақыт намаз оқудың қажеттігін, бес парыздың уәжіп етілгенін біледі. Періштелерге, қиямет күнінің болатындығына, өлімнен кейін жаңа өмірдің болатындығына, ақырет күніне сенеді. Арақтың арам екендігін де біледі, сол жаман жолдарға апаратын тірліктердің барлығына исламда тыйым салынғанын біледі. Бірақ, неге адамның ішкі сенімі, яғни, иманы мен ислам байланыса алмай жатыр? Себебі, оның нәпсісі тәрбиеленбеген.
Дұшпанымызды айналамыздағы адамдардан іздеудің қажеті жоқ. Өйткені, біз өз-өзімізге дұшпанбыз. Ол өз нәпсімізден жеңілсек, дұшпанымыздан жеңілген болып саналамыз. Адамдар бір-біріне дұшпан емес, керісінше, бауыр.
Дүние-мүлікті Алла Тағала сүйген құлына да, сүймеген құлына да береді. Бұл не үшін? Әрине, сынақ.
Қазақта жақсы сөз бар - «Тойымсыз нәпсіден сақта» деген. Бұл нәпсінің тойымсыздығы сол, топырақпен ғана нәпсі толады екен.
Нәпсінің құлына айналып кетпеуіміз үшін бірнеше басқыштардан өтіп, нәпсіні тізгіндеп ұстауды, өзімізге бағындыруды, яғни тәрбиелеуді үйренуіміз шарт.
Г.Жұмаділдаева,
ERNUR.KZ