​Осы 7 әрекет кез келген АРМАНЫҢЫЗды орындайды

0
2 302

Біреулер аңсағанына жетіп, тақиясын аспанға атса, біреулер қол жеткізе алмай, жер шұқып жүр.


​Осы 7 әрекет кез келген АРМАНЫҢЫЗды орындайды

Армансыз адам бола ма? Әрине, жоқ. Әр көкейде арманмен астасатын үлкен үміт, тәтті тілек, жан қалауы, асыл мұрат, биік мақсаттар бар. Біреулер аңсағанына жетіп, тақиясын аспанға атса, енді біреулер қол жеткізе алмай, жер шұқып жүр. Неге деп ойлайсыз? Өйткені, алдыңғылары арманының орындалуына дұрыс қадамдар жасау арқылы көмектеседі. Екіншілер ол қадамдардан хабарсыз. Дәл сол «екіншілер» білсін деп арманға жеткізетін ЖЕТІ қадамды тізбектейік.

  1. Ең алдымен, қиялыңыздың, жан қалауыңыздың көркем көрінісін ойда бейнелеп алыңыз. Яғни, нақты нені армандайтыныңызды айқындайсыз. Ол үшін керегі – жан тыныштығы, жан мен тәннің үйлесімі. Қандай жағдайда осындай күйге түсесіз, соны біліңіз. Бәлкім, саябақта серуендей жүріп ойланғанда бар арманыңыз ойға оралар? Мүмкін, қиял жетегіне еру үшін сізге керегі ұядай жылы жерде жалғыз отырып тынығу болар? Әлде құрбы-достармен қызу талқы барысында айтып қаларсыз ең ұлы арманыңызды. Мүмкін, мүлдем басқа жағдай... Әркімнің өз арман-қиялына ерік беру үшін қажетті жағадйда өзі айқындағаны абзал.


2. Әрине, арманның саны бір-екімен шектелмейді. Ойыңыздағы көптеген қалауларыңызды ретке келтіріп, ішінен ең маңызды жоғары қатарға шығарыңыз. Содан соң оларды мақсатқа айналдырып, жеткізер жолдар мен қадамдарды айқындаңыз. Жоспар құрыңыз.


3. Ішкі жай-күйіңізге назар аударыңыз. Дәл қазір қандай күйдесіз? Арманыңыз алдап кетпей, жүз пайыз жүзеге асуы үшін өзіңіздің өмір ұсынғанның бәрін қабылдауға дайын да ашық болуыңыз шарт. Бұл дегеніміз:

  • Бойыңызда ешқандай қысылу-қымсыну, жаратылысыңызға қатысты комплекс, ойыңызда шиеленіс болмауға тиіс;
  • Өз ішкі даусыңызды жақсы естіп, онымен дұрыс диалог құра білу үшін ішкі әлеміңізде тыныштық орнауы керек;
  • Көзқарасыңыз барынша кең, ниетіңіз таза, зейініңіз жан-жақты болсын.


4. Осындай барлық жағдайға ашық күйді қалыптастырған соң, еш күмәнсіз тағдыр жетегіне еріңіз. Ертеңгі күніңізді мейімірді де қайырымды әлемге сеніп тапсырыңыз. Айналадағы әр құбылысқа жіті назар аударуды да ұмытпаңыз. Өмір сізге күн сайын түрлі белгілер мен дабылдар жібереді. Оларды уақытында байқап, тиісінше қолдана білгендер ғана белгілер көмегімен дұрыс жол тауып, дабылдың арқасында қауіпке ұрынбайды.


5. Жоспарыңыз да назардан тыс қалмасын. Ешкімнің жолын кеспейтін, ала жібін аттамайтын өз даңғылыңызды тауып, сапарға шығыңыз. Жоспарға сай әрекет етіңіз. Қиындық тап келсе, күресіңіз. Жолыңыз болып, жолай пайдалы да тиімді ұсыныстар кезігуі де мүмкін. Тағдырдың сыйын ізіңізбен ілестіре кетіңіз.


6. Өзіңізді осы әлемде болмашы бір құм түйіршігіндей ғана, елеусіз тіршілік иесі деп есептемеңіз. Сіз - ғаламның маңызды бір бөлшегісіз. Олай болмаған жағдайда сізді сынау үшін қасақана қиындықтар ойластырылмаушы еді. Бір ғана сізді қуанту үшін тағдырдың өзі сый әзірлеп әуре болмайтын еді. Бұған кәміл сенуіңізге болады. Әлі де сенбей жүрсеңіз, осы ойды іштей жиі қайталап, жүрегіңізді иландырыңыз.


7. Алдыңғы алты қадамның бәрін дұрыс орындасаңыз, жол соңына жетпей тынбайсыз. Ал онда сізді аңсаған арманыңыз күтіп алады. Қуана қауышып, төбеңіз көкке жетердей болғанда, осы ғаламат сыйы үшін бүкіл ғаламға алғыс айтуды ұмытпаңыз. Сіздің осы жетістікке жетуіңізге титтей де болсын үлесі тиген әрбір үлкенді-кішілі жанды-жансыздың бәрі де алғысыңызға лайық. Ризашылығыңызды білдіруді аянбаңыз.


Бір арманға жеткенде, арғы жақтан екінші бір белесі бой көрсетеді. Қадамдарды басынан бастап, қайта жолға шығуға дайынсыз ба? Ендеше, алға!


Дайындаған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Әр әйел КҮЙЕУІНЕН жасыруы тиіс 6 ҚҰПИЯ