ОТБАСЫНДАҒЫ қарым-қатынас туралы көпшілік СЕНГІСІ КЕЛМЕЙТІН жағдайлар

0
796

Егер қарым-қатынас бұзылған болса, оны сақтап қалу үшін жасалған әрекет – тек кейінге шегеру ғана.


ОТБАСЫНДАҒЫ қарым-қатынас туралы көпшілік СЕНГІСІ КЕЛМЕЙТІН жағдайлар

Отбасылық арым-қатынас туралы көпшілік сенгісі келмейтін фактілер бар.


Отбасын сақтап қалу мүмкін емес

Егер қарым-қатынас бұзылған болса, оны сақтап қалу үшін жасалған әрекет – тек кейінге шегеру ғана. Бәрібір түбінде бөлек-бөлек жол таңдайды. Болмаса бірі бәріне көніп, екіншісіне сонымен бірге тұру ыңғайлы болады. бірақ мұны отбасы деп айту қиын.


Адам отбасын құрғаннан кейін жаман болмайды

Ол адам әрдайым солай болған. Тек отбасын құрғанға дейін жақсы болып көрінуге тырысқан. Адам ешуақытта не жақсы не жаман жаққа қарай өзгермейді. Тек олар отбасылы болған соң өзінің қабілеттін көрсетеді, біреулер бетпердесін шешеді.


Бала некені сақтап қала алмайды

Бала туылғанға дейін отбасының беріктігі шытынап тұрса, туылғаннан кейін жағдай мүлде нашарлай түседі. Себебі шаршау бұрынғыдан да үдей түседі, жүйке жұқарады, ұйқы қанбайды және бос уақыт азаяды.


Адамгершілігі мен аянышын ояту – өтпейтін нәрсе

Егер жолдасыңыз қиналатыныңызды біле тұра үнемі жаныңызға тиетін болса, онда ол адамның сізге деген махаббаты жоқ. Ал жылап-сықтап, қайғыру оның одан беттер жек көрушілігін тудырады.


Мінсіз қарым-қатынас болмайды

Әрбір жұптың өз мәселесі, түсініспеушіліктер мен жанжал болып тұрады.


Опасыздық – бұл қалыпты нәрсе емес

Бұған сену қиын шығар, бірақ мүлде опасыздық жасамайтындар да бар. Егер опасыздықты кешіретін болсаңыз, оны ақтап өзіңізге өтірік айтасыз.


Қарым-қатынас жалғыздықтан құтқармайды

Егер сізге өз-өзіңізбен қалу қиын болса, қасыңызда біреудің болуы жағдайды мүлде түзетпейді. Сіз бұрынғыша жалғыз болып қала бересіз. Қарым-қатынас құрмай тұрып алдымен өзіңізбен жұмыс жасағаныңыз дұрыс.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.