​Стресстен тез АРЫЛУДЫҢ ең тиімді 11 ТӘСІЛІ

0
2 465


​Стресстен тез АРЫЛУДЫҢ ең тиімді 11 ТӘСІЛІ

Өмір болған соң, қиындықтары, біз күтпеген жайсыз жағдайлары болмай тұрмайды. Сондайда бірінші кезекте жағымсыз эмоцияға беріліп кетеміз. Ашу қысады. Жүйкеңнің әрбір талшығы жыбырлап, ойнап шыға келеді. адам болғасын, бұл – қалыпты процесс. Алайда аяқ асты бойды билеген стрестен тез арылуға тырысу керек. Негативтің күш алуына жол берсең, жинала келе не ауруға, не депрессияға душар етеді.

Стрестен арылу үшін мына амалдарды жасаңыз.


  • Тыныс алу

Терең тыныс алыңыз. Қанша қажет деп санасаңыз, сонша рет. Эмоционалдық күйіңіз қалыпқа келгенше. Тыныс ала отырып, ішіңізден санау да – жақсы көмектесетін әдіс.


  • Билеу

Белсенді болсын, баяу болсын – маңызды емес. Маңыздысы – қозғалыс. Өзіңізге ұнайтын, тыңдағанда билегіңіз кеп кететін әуенді қосып, ешкім көріп тұрмағандай жаныңызды салып билеңіз. Дәл қазіргі сәттегі стресс қана емес, біраздан бері жиналған негатив жан-жаққа шашылып қалады.


  • Шаш тарау

Негативті эмоция қысқанда мимикалық бұлшықеттер тырысады да, бас ауыр тартып, ауыра бастайды. Стрестен арылудың бір тәсілі – 15-20 минут бойы шаш тарау. Бұл қанның жүруіне әсер етеді, бұлшықеттерді босатады.


  • Балмұздақ жеу

Тәтті – стреске қарсы ең жақсы допинг. Сондай-ақ, жақсы көңіл-күйді сақтауға, стрестен арылтуға майлы балық та көмектеседі. Оның құрамындағы Омега-3 жүйке жүйесіне пайдалы. Балықты жақсы көрмесеңіз, балмұздақ немесе банан жеңіз. Бұлар – табиғи антидепрессанттар.


  • Массаж

Стресті тез сейілтіп, қалыпты көңіл-күйге келу үшін мұрынның астындағы, қастың ортасындағы, еріннің астындағы, алақанның ортасындағы нүктелерді, желке тұсыңызды (қарақұс, шүйде), екі жауырынның ортасын 30 секундтан уқалаңыз.


  • Алақаныңызды ысқылаңыз

Стрестен құтылудың тағы бір қарапайым тәсілі. Алақандарыңыз ыстық болғанша бар күшіңізбен бір-біріне ысқылаңыз. Сол сияқты құлақты да ысқылауға болады. Бұл сізді сергітеді, ары қарай қозғалуға ынтаңызды арттырады.


  • Жанжал мен стресті «жуу»

Негативтен құтылғыңыз келсе, 15 минуттай душ қабылдаңыз. Ағып тұрған жылы судың астында тұрыңыз. Су сізге қажет емес нәрселерді шайып кетіп жатыр деп қабылдаңыз.

  • «27 зат»

Шығыс психологтары «Қайғы-мұңнан арылғың келсе, үйдегі 27 затты орнынан қозға» дейді. Сол кезде энергияның емін-еркін жүруіне кеңістік ашылады. Осыны жасап көрсеңіз, миыңыз да басқаша қозғала бастайды.


  • Баспалдақ

Стрестен арылып, жағдайыңыздың біршама жақсарғанын сезгенге дейін баспалдақпен жоғары-төмен жүгіріңіз. Бұл мидың эмоцияны басқаратын бөлігіне оттегінің баруын тездетеді.


  • Жазу

Қағазға стреске душар еткен жағдайды тәптіштеп жазыңыз. Өз сезімдеріңізді, қандай күй кешкеніңізді де. Миға салмақ салып тұрған нәрсенің бәрі қағаз бетіне түскенде, басыңыздың, бойыңыздың босап қалғанын байқау қиын болмайды.


  • Сурет салу

Психологтар стресс кезінде екі-үш минут сурет салумен айналысса, шығармашылық шабытының бес еселенген тұсына тап келетінін айтады. Яғни, дәл осы кезде сурет салсаңыз, тамаша өнер туындысы шығуы әбден мүмкін. Әрі стрестің де ізі қалмайды.

Жағдайды, эмоционалдық жай-күйін өз қолына алып, жақсы жаққа өзгерте алғандар – нағыз мықтылар. Өзіңізді стрестен жеңілмейтін мықтылардың қатарында болуға тәрбиелеңіз.

Дайындаған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

НЕКЕДЕГІ ТӘУЕЛДІЛІК: Ерлі-зайыптылар бір-біріне БАҒЫНЫШТЫ БОЛМАУ керек