Шымкентте ауыз су құбырларын тазарту жұмыстары жүргізіледі деген ақпарат жалған

0
1 962

Шымкент қаласында 9-10 сәуір күні ауызсу құбырлары жүйесі сұйылтылған хлормен​ тазартылатыны туралы ақпарат таратылып жатыр.


Шымкентте ауыз су құбырларын тазарту жұмыстары жүргізіледі деген ақпарат жалған

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. WhatsApp мессенджерінде Шымкент қаласында 9-10 сәуір күні ауызсу құбырлары жүйесі сұйылтылған хлормен тазартылатыны туралы ақпарат таратылып жатыр. Осыған байланысты 24 сағатқа құбырлардағы суды пайдалануға болмайтыны ескертілген.

Бұл хабар Шымкент тұрғындарын кәдімгідей дүрліктіріп жіберді. Шымкент қаласына ауыз су таратушы «Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС мекемесі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жариялады.

"Бұл ақпарат ОҚО мен Шымкент қаласына қатысты емес. Шымкентте су тазарту тәулік бойы жүргізіледі, және ол адам өміріне қауіпті емес",-делінген хабарламада.