«АУЫЛ АМАНАТЫ»: Түлкібаста 22 жоба қаржыландырылды

0
2 961

202 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделіп отыр.


«АУЫЛ АМАНАТЫ»: Түлкібаста 22 жоба қаржыландырылды

Түлкібаста «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 110 млн теңгеден асатын 22 жоба қаржыландырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов мәлімдеді.


Спикердің айтуынша, Түлкібас ауданында 2023 жылдың 6 айының қорытындысымен 36 492,7 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Ауданда алдағы 3 жылда өнеркәсіп саласы бойынша 447 млрд теңгелік 11 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, жобалар іске асырылған жағдайда 3635 жаңа жұмыс орны ашылмақ.


«Ауданда 6 айдың қорытындысымен негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 7 466,8 млн. теңгені құрады. Одан бөлек, көтерме және бөлшек сауда тауар айналымы 6 айлық нәтижемен 6 873,8 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,3% құрады. Аудандағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10 мыңға жетіп, оларда 12 720-ға жуық адам жұмыспен қамтылып, өнім көлемі І тоқсан қорытындысымен 8,1 млрд. теңгеге жетті. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 24 жобаны іске асыру көзделіп, 168 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр», - деді Нұржан Жақсылықұлы.

Брифингте туризм саласының әлеуеті жайлы да сөз болды. Қазіргі таңда ауданда 36 туристік нысан жұмыс істейді. 6 айда ауданға 5 700 турист келген. Туризм саласы бойынша алдағы 3 жылда 12,4 млрд теңгелік 8 жобаны іске асыру жұмыстары жүргізіліп, жобалар бойынша 228 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.


Бұдан бөлек, аудандағы ауылшаруашылық өнімінің көлемі 6 айдың қорытындысымен 19 982,5 млн. теңгені құрады. Оның ішінде ірі қара мал басы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,0%, қой 106,4%, ешкі 96,7%, жылқы 104,4%, құс 110,2%, ет өндіру – 101,7%, сүт – 105,2%, жұмыртқа – 106,5% құраған.


Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруда ауданда 2 ауылдық округ таңдап алынып өсімдік, мал, өз кәсібін ашу, балық, құс шаруашылығын дамыту үшін кооперативтер құрылған. Қазіргі таңда 73 азамат бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қабылданған жобалар саны - 55 (312,3 млн. теңге), оның ішінде қаржыландырылған өтінімдер - 22 (111,8 млн. теңге). Одан бөлек, 2023-2025 жылдары ауыл шаруашылық саласы бойынша 10,5 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, нәтижесінде 202 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделіп отыр.