«Ауылым - алтын бесігім!» - бүлдіршіндер тарихи кейіпкерлерді сомдады

0
2 833

Бұл Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласында көрсетілген басымдық.


«Ауылым - алтын бесігім!» - бүлдіршіндер тарихи кейіпкерлерді сомдады

Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданының құрылғанына биыл - 90 жыл. Осыған орай аудан көлемінде Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласында көрсетілген басымдық бойынша мерекелік шаралар әлі де жалғасын табуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылындағы «Аружан» балабақшасы «Ауылым алтын бесігім!» атты тақырыпта кеш өткізді.

Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап келеді. Оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстану әрбіріміздің парызымыз. Бұл Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласында көрсетілген басымдық. Осы мақсатты көздеген шараға бүлдіршіндер белсене қатысты.

Бәйдібек ауданының 90 жылдық тарихы жайлы балабақша бүлдіршіндері көрініс көрсетіп, Бәйдібек би мен Нұрила ананың образын сомдады. Мұнан соң, би билеп, балғындар өнерін ортаға салды.

Осынау ұлы тұлғалардың өмірінен қойылым көрсете білген кішкентай бүлдіршіндерге аудан тұрғындары разы болып, Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Айкен Темір балабақша қызметкерлеріне осындай өнерлі балаларды тәрбиелеп отырғандары үшін алғыс айтты.

Аталған іс-шара бүлдіршіндердің елі мен жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыруды көздейді. Сондай-ақ, туып өскен жердің тарихын білуге үндейді.