«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ»: Отырарлық жастар бір жанұяға баспана сыйлады

0
1 356

Ұзақов Уалихан Жамалханұлының демеушілерді ұйымдастыру арқылы қосқан үлесі зор.


«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ»: Отырарлық жастар бір жанұяға баспана сыйлады

«Бақытты отбасы» жобасы аясында Қарғалы ауылының жастары бір отбасына баспана сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қарғалы ауылында қайырымды жандардың қолдауымен биылғы жылы екінші отбасы қоныс тойын тойлауда. 2023 жылы ауыл жастарының қолдауымен баспанаға мұқтаж бір отбасына қуаныш сыйлады. Қайырымды істі ауылдың 2004 жылғы түлектері бірлесе ұйымдастырған.


Қарғалылықтардың қуанышын бөлісу үшін "AMANAT" партиясы Отырар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Таңатаров Еркеғали Құралбекұлы, Қарғалы ауыл округінің әкімі Еркеғали Жұмабек, Қарғалы ауыл округінің төбе биі Шоманов Ерлан және ауыл ақсақалдары мен тұрғындары жиналды. Сауапты іске ұйытқы болған барша жандарға алғыстарын білдірді.


Бұл қайырымды іске "AMANAT" партиясынан ұсынылған депутат, аудандық мәслихаттың төрағасы Ұзақов Уалихан Жамалханұлының демеушілерді ұйымдастыру арқылы қосқан үлесі зор.


Жаңа баспанаға ие болған ауыл тұрғыны Мұсабай Кенжекүл Батырбайқызы үлкен армандарының бірін орындаған азаматтарға шексіз ризашылығын білдірді.


Қайырымдылық жасау - ізгіліктің басты көрінісі мен асыл қасиеттерінің бірі. Жақсылық жасау имандылықтың, тәрбиелектің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Қарғалы ауылында адал тапқан нәпақасын қайырымдылыққа жұмсап, мұқтаж жандарға жанашырлық танытып жүрген азаматтар саны өсіп келеді.


Осы ретте "AMANAT" партиясы Отырар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Еркеғали Құралбекұлы, қайырымдылық іске белсене атсалысқан бірқатар азаматтарды партияның «Алғыс хатымен» марапаттады. Сонымен қатар партия атынан ыстық лебізін білдіре отырып, кәсіптеріне береке дендеріне саулық тілейтінін жеткізді.