Бюджеттің әр тиынының есебі бар – Дархан САТЫБАЛДЫ

0
768

Облыс бюджетінің игерілуі және республикалық бюджет есебінен жобалардың қаржыландырылу барысы қаралды.


Бюджеттің әр тиынының есебі бар – Дархан САТЫБАЛДЫ

Түркістан облысының бюджетіне 123,5 млрд.теңге көлемінде кіріс түсіп, жоспар 106,7%-ға немесе 7,8 млрд.теңгеге асыра орындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2023 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша Түркістан облысының бюджетіне 123,5 млрд.теңге көлемінде кіріс түсіп, жоспар 106,7%-ға немесе 7,8 млрд.теңгеге асыра орындалды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда түсім 8,3 млрд.теңгеге артқан немесе өсу қарқыны 7,2%-ды құрап отыр.


Жалпы барлық аудан, қалалар бойынша түсімдер жоспары асыра орындалды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында облыс бюджетінің игерілуі және республикалық бюджет есебінен жобалардың қаржыландырылу барысы қаралды.


Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаевтың баяндауынша, бірқатар аудан, қалалар есепті кезең жоспарын асыра орындап отырғанымен, кей аудандарда жылдық жоспардың орындалуы төмен. Барлық аудан, қала әкімдеріне түсімдердің әрбір түрі бойынша жоспарын, оның ішінде реттелуші салықтардың ай сайынғы жоспарының орындалуын қамтамасыз ету бойынша тапсырма берілген.


Облыс әкімі кейбір бағытта қаржының игерілмей қалуы салалар жұмысына кері әсерін тигізетінін ескертті. Әкімдерге барлық қаражат толық, сапалы және уақытылы игерілу мақсатында заңға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды. Мемлекет тапсырысын орындаушылар арасында отандық өнім өндірушілерге басымдық беруді жүктеді.


«Мен үнемі барлық басқарма басшыларына, аудан, қала әкімдеріне бюджет қаржыларының тиімді әрі мақсатты жоспарлануына және уақытылы игерілуіне қатаң талап болатынын ескертіп келемін. Бюджеттің әр тиынның сұрауы, есебі бар. Жоспарлау дұрыс болса, бұлай болмас еді. Бюджет қаржысын бағыттау барысында да жобалардың мерзімі ескерілмей, қаржы игерілмей жатады. Осының бәрін ескеру керек. Бюджет қаржысын сапалы әрі тиімді игеріп, жоспарланған түпкі нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмысты жандандару керек»,– деді облыс әкімі.


Жиында жыл ішінде бюджетті нақтылау барысында облыстың бюджет көлемін республикалық трансфеттер және өз кірістері есебінен ұлғайту барысы талқыланды.