Түлкібас және Сайрам аудандары тұрғындарының назарына!
Түркістан облысының әкімі Сатыбалды Дархан Түлкібас және Сайрам ауданы тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Түлкібас ауданы тұрғындарымен кездесуі 2023 жылғы 9 тамызда, сағат 10.00-де, ал жеке қабылдауы сағат 11.00-де аудандық мәдениет үйінің ғимаратында (Т.Рысқұлов ауылы, С.Ахметов көшесі №205 ғимарат) өтетінін хабарлаймыз.
Сонымен қатар Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесуі 2023 жылғы
9 тамызда сағат 15.00-де Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде (Ақсукент ауылы, Абылайхан көшесі, №71), ал, жеке қабылдауы сағат 16.00-де Сайрам ауданы әкімі аппаратының ғимаратында (Ақсукент ауылы, Жібек жолы көшесі, №95) өтеді.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8(72533) 5-98-99, 5-79-83 байланыс телефондар және «Е-өтініш» арқылы 2023 жылғы 8 тамызға дейін сағат 09.00 - 19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почтасы (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.