Осы уақытқа дейін Еліміздің өсіп көркейуіне үлес қосқан азаматтар шыққан бұл оқу орнында 1300-жуық студент білім алады
Қапланбек аграрлық-техникалық колледжінің жастары ұлттық құндылықтарды және рухани жаңғырудың жаңа сатысына көшті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласында 5 орта арнаулы оқу орындары бар. Орта арнаулы оқу орындарының ішінде өзіндік орны бар, білікті де білімді жастарға толы Қапланбек аграрлық-текникалық колледжі орналасқан.
Қапланбек аграрлық-текникалық колледжі 1929 жылы 27-қарашада құрылған. Осы уақытқа дейін Еліміздің өсіп көркейуіне үлес қосқан азаматтар шыққан бұл оқу орнында 1300-жуық студент білім алады. Білімнің негізігі құралы болып табылатын кітап қорыда бұл оқу орнында жеткілікте. Кітапханада жалпы кітап қоры 65 мыңға жуық, кітапханада Ұлы Отан соғысына, Ауған соғысына және академик Арзанбек Ақтаев ағаларымызға арналған бұрыш жұмыс жасайды.
Оқу орнында жастардың зертеулік жұмыс жасауына бар жағдай жасалған. Соның бірі «Қысқы бақ», мұнда жастар өзінің зертеулік жұмысын жасап гүлдерді будандастырып жаңа түрлерін және Елімізде өспейтін өсімдіктерді Сарыағаш жеріне жерсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда «Қысқы бақта» 100-жуық гүлдер және «Інжір» шабдалысын өсіруді қолға алған. Мұнда студенттер лимонның 2 түрін өсірумен жұмыс жасап жатыр.
Қапланбек аграрлық-текникалық колледжінде жастардың рухани байлық сыйлау үшін, бос уақытын тиімді пайдалану үшін арнайы «Ұлттық мұражай» және «Рухани жаңғыру» кабинеті жұмыс жасайды. Бұл кабинеттерде жастардың өз қолымен жасаған заттар және көне археологиялық заттар қойылған. Мұнда «Шебер қолдар» үйірмесі жұмыс жасайды. «Шебер қолдар» үйірмесі қазіргі таңда ұлттық өнерімізді қазіргі заманға сай және той-думандарға арнап тойбастар жасауда. «Рухани жаңғыру» кабинетін осыдан 44 жыл бұрын бітірген түлектер «Туған жер» бағдарламасымен ашып берген. Кабинеттің ашылуына «Ордабасы» құс фирмасының директоры, облыстық маслихат депутаты Мұрат Тағаев атсалысқан.
Оқу орының өз тарихын баяндайтын арнайы музейі колледжде 5 жыл бұрын ашылған. Музейдің ең басты байлығының бірі Шәмші Қалдаяқовтың отырған партасы сақталған. Бұл партаның өзіндік тарихы жастарға әрдайым рух берген.