«Кореяға жұмысқа тұрғызып беремін»: Танысының ақшасын жымқырған күдікті ұсталды

0
562

Жұмыс та жоқ, берген ақшасын да ала алмаған.


«Кореяға жұмысқа тұрғызып беремін»: Танысының ақшасын жымқырған күдікті ұсталды

Түркістандық полицейлер «Корея еліне жұмысқа тұрғызып беремін» деп ақша жымқырған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында кезекті алаяқтық жайты орын алды. Түркістан ҚПБ-ға жергілікті келіншек арызданып, танысы Корея еліне жұмысқа тұрғызып беретінін айтып, ол үшін тұрғыннан 350 мың теңге қаражат алғанын жеткзіген. Алайда, бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысы да болмаған, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт СДТТБТ-ға енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.


Осыған орай қалалық Полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған Кентау қаласының тұрғынын анықтап,басқармаға жеткізді. Күдікті азамат жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. Ұсталған ер азаматтың бас шарасы қамауда.


Айта кетейік, бүгінгі таңда облысымызда қылмыстың өршіген түрі – алаяқтық қылмысы. Сондықтан облыс полицейлері қылмыстың алдын алу мен болдырмау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жатыр.