ҚР Президент әкімшілігінің өкілі Түркістан облысында МӘМС жүйесінің жүзеге асуын тексерді

0
716

31 наурызға дейін сақтандырылған мәртебесін алу маңызды.


ҚР Президент әкімшілігінің өкілі Түркістан облысында МӘМС жүйесінің жүзеге асуын тексерді

2020 жылдың 1 сәуірінен бастап сақтандырылмаған науқастарға медициналық көмек көрсетіле береді, бірақ тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ғана. Қалған қызметтер ақылы түрде жүргізіледі. Сондықтан, 31 наурызға дейін сақтандырылған мәртебесін алу маңызды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы әкімдігінде өткен жиын барысында Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Серік Қожаниязов өңірдегі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен жұмыс жасап жатқан медициналық ұйымдардың дайындығын тексерді.

Мемлекеттік инспектордың айтуынша, аймақтағы медициналық ұйымдардың материалды-техникалық базасы толықтырылып, тұрғындарға қызмет жасауға дайын отыр.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев аймақта жасалып жатқан жұмыстардың ұдайы назарда екенің айтты. Жүйеге халықты толықтай қамтуға қатысты тиісті шаралар сандық негізге енгізіліп жатыр.

Мәселен, кез-келген адам өзінің медициналық сақтандыру жүйесіне қатысып жатқаны, не мәртебесін анықтау үшін ақпаратты электрондық үкімет порталынан табады. Жұмыспен қамтылған азаматтарға медициналық қызметтерді қолжетімді ету мақсатында бірыңғай жиынтық төлемі енгізілген. Осыған орай, мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарда қызмет көрсету терминалдары қойылды.