"Құқық бұзушылық профилактикасы" тақырыбында ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

0
1 802

Түркістан облысы, Арыс қаласының әкімшілік залында Арыс қаласының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы отырысы өтті.


фото: facebook.com

Түркістан облысы, Арыс қаласының әкімшілік залында Арыс қаласының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қала әкімінің орынбасары С.Дәрібайдың төрағалығымен өткен отырысқа комиссия мүшелері, Арыс қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, Арыс ауданы прокурорының орынбасары А.Кабдурахманов, Түркістан облысының полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы полиция полковнигі Б.Зиятаев, Арыс аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Н.Исабеков, полиция қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, қала мен ауыл тұрғындары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Арыс аудандық полиция бөлімінің 2018 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары туралы» Н.Исабеков баяндама жасап, тұрғындарды толғандырған мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап берді және айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, алдағы уақытта тиісті шараларды қолданатындығын жеткізді. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары талқыланып, білікті мамандар ойларын ортаға салды.