Мақтаарал ауданында тағы бір ауылды су басты

0
927

Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі​ мәлімдеді.


Мақтаарал ауданында тағы бір ауылды су басты

Мақтаарал ауданында енді Өргебас елдімекенін су басты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Бүгін таңғы 05.00-тен бастап 250 үйі суға батқан Фердоуси ауылы бағытынан Жаңажол ауылдық округінің Өргебас елдімекеніне қарай су келе бастады. Екі ауылдың ара қашықтығы - 3 шақырым. Таңғы 8.00-де су Өргебас елді мекенінің 194 үйін басып қалды. Ауылдың 1451 тұрғыны эвакуацияланды. Көшіру барысында зардап шеккендер жоқ» делінген Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметінің хабарламасында.