Мақтааралда жылыжай шаруашылығында лимон өсірілуде

0
1 190

Бұл туралы аудандағы жылыжай шаруашылықтарын аралап жүрген ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғалым Дүйсенбеков мәлімдеді.


Мақтааралда жылыжай шаруашылығында лимон өсірілуде

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Негізгі экономикасын ауыл шаруашылығы құрайтын Мақтаарал ауданында 33,1 гектар жылыжай бар. Қазіргі таңда облыс әкімінің тапсырмасында көрсетілген жылына 2-3 рет өнім алу технологиясы осы жылыжайларда кеңінен қолданылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ғалым Мырзаханұлы типтік үлгіде салынған "Хамро ата" шаруа қожалығына тиесілі жылыжай шаруашылығына барды. Аумағы 7 гектарды құрайтынжылыжайдың 1 гектарында лимон, 3 гектарында қызанақ, тағы 3 гектарындақияр дақылдары өсірілуде.


1 гектар лимон алқабының арасындағы бос жерлерге қырыққабат өсіріліп, ақпан айының соңына қарай өнімдері нарыққа шыға бастайды. Осылайша 1алқапта қатарынан 2 өнім өсіріп отқан қожалық жаңа технологиялардың арқасында мол табыс тауып отыр. Сондай-ақ, қырыққабат өнімі жиналыпбіткеннен соң мұнда күзгі қияр өсіріле бастайды және лимоннан да өнім алады.
Жалпы Үндістан, Үнді Қытай, Оңтүстік Қытайда өсірілетін цитрусты жеміс - лимонды баптауды мақтааралдық шаруалар да меңгеріп келеді. "Хамро ата" шаруа қожалығына тиесілі жылыжайда 700-ге жуық лимон көшеттері отырғызылған. Өткен жылдың күзінде қожалық лимоннан алғашқы өнімін жинаған болатын.