«Менің Қазақстаным» ән байқауының жеңімпазы анықталды

0
3 635

Бұл байқау 26-рет өткізіліп отыр


«Менің Қазақстаным» ән байқауының жеңімпазы анықталды

ERNUR.KZ. Шәмші Қалдаяқов атындағы ән байқауы мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласындағы "Түркістан сарайында" Шәмші Қалдаяқов атындағы "Менің Қазақстаным" облыстық ән байқауы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталып, қорытынды гала-концерті өтті.

Аталған байқау Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Түркістан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен болатын.

Атап айтсақ, «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауының қорытындысы бойынша түлкібастық Бағдат Нысанбай бас жүлдені, Келес ауданының өнерпазы Бексұлтан Отарбеков бірінші орынды, жетісайлық Малика Қалдыбай екінші орынды еншілесе, үздік төрттікті Арыс қаласының әншісі Ердос Сейілхан түйіндеді. Сонымен қатар, облыс әкімінің арнайы жүлдесі шардаралық Гүлмарал Жақыпбайға бұйырды.

Сондай-ақ, гала концертке ҚР еңбек сіңірген әртісі Құрманбек Шойынбаев, композитор, шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлі, ҚР Мәдениет қайраткерлері Айжан Тәженова, Хадиша Шалабаева, дәстүрлі әншілер Наркенже Серікбаева, Ақмарал Биназарова, Гүлдана Мақатаева және «Қазына», «Фараб», «Тұмар» би ансамбльдері қатысып, Шәмші әндерін орындады.

Айта кетейік, бұл байқау биыл 26-рет өткізіліп отыр. Байқауға облыстағы аудан-қалалардан 56 үміткер қатысып, 21 өнерпаз ақтық кезеңге жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауы өтті

Түркістан облысында Шәмші Қалдаяқовтың туған күні тойлануда