​Мұқан Егізбаев Ресейдің мемлекеттік медицина университетінің ректорымен ынтымақтастық меморандумына қол қойды

0
1 628

Денсаулық сақтау саласында екі жақты ақпарат алмасу, медицина мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру жоспарлануда.


​Мұқан Егізбаев Ресейдің мемлекеттік медицина университетінің ректорымен ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев жұмыс сапарымен Новосібір қаласында болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыстың бас дәрігері Новосібір облысының Денсаулық сақтау вице-министрімен және медициналық мекемелердің басшыларымен кездесті. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев пен Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Новосібір мемлекеттік медицина университетінің ректоры Игорь Маринкин ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою барысында тараптар өзара түсіністік пен тиімділік негізінде денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендіктерін білдірді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында екі жақты ақпарат алмасу, медицина мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру жоспарлануда. Екі елдің медицина саласы жетекшілері тиімді ынтымақтастық халықтың денсаулығын жақсартуға ықпал ететіне сенімді.

Кездесу барысында мемлекеттік ауруханаларды жаңғырту үшін денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыру, телемедицина саласындағы ынтымақтастық, денсаулық сақтау саласында бірлескен ғылыми-практикалық семинарлар, конференциялар ұйымдастыру, сондай-ақ, денсаулық сақтау мәселелері бойынша бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, медициналық ғылым саласындағы ақпараттармен алмасып, тәжірибемен, жаңа технологиялар мен жаңа медициналық жабдықтарды әзірлемелермен бөлінетін болады.

Меморандум 2019 жылдан бастап күшіне енеді.

Дереккөз: Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі