​Намазға бара жатқандар нәрестенің өлі денесін тауып алды (видео)

0
3 174

Оны намазға кетіп бара жатқан Абай ауданының тұрғындары байқаған.


​Намазға бара жатқандар нәрестенің өлі денесін тауып алды (видео)

Бүгін Шымкентте таңғы 4:00 шамасында жаңа туылған сәбидің өлі денесі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. tvk телеарнасына сілтеме жасап.

Оны намазға кетіп бара жатқан Абай ауданының тұрғындары байқаған. Ақ матаға оралған бала жеке тұрғын үйдің маңынан табылған.


Сәби сол маңайда туылған болуы мүмкін. Себебі онда қанның іздері байқалған. Туу сәтінде шарана бас сүйегінен жарақат алған болуы мүмкін. Шақыртылған полицейлер нәрестенің денесін қарап, осындай болжам жасаған. Құқық қорғау қызметкерлері аталған іс бойынша көршілерден анықтау жұмысын жүргізуде.