ОҚО әртістері Финляндияда өнер көрсетіп жүр

0
1 444

Оңтүстік әртістері еліміздің атынан Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі, ҚР Мәдениет қайраткері Абылайхан Оспанов, облыстық опера және балет театрының солистері Ерлан Жандарбай, Үрәлхан Сейлбекова, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония артисі Ұлбала Ермұхаметова Фин елінде өнер көрсетіп жүр,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Олар 17-24 наурыз күндері Финляндия Республикасының Хельсинки қаласында өтетін «Жұмбақ Жібек жолы» Халықаралық ашық ортаазиялық фестиваліне қатысу үшін аттанған болатын.

Фин елінің астанасы әрі ең ірі қаласы — Хельсинки қаласына еліміздің өнер сәлемін арқалай барған делегаттарды Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігі қабылдап, құрмет көрсетті.
Айтып өтейік, аталған мемлекет 2010 жылы «Әлемнің үздік елдері» атанса, ал 2011-2014 жылдар аралығында америкалық «Fund for Peace» қоры елді «Әлемдегі ең тұрақты мемлекет» ретінде бағалаған.